• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, жастарды спортпен шұғылдануға ынталандыру, есірткі мен өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ қоғамда құқықтық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру болды.

01.07.2026
0
Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті
300
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мойынқұм ауданында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және қоғам назарын зиянды әдеттердің зардаптарына аудару мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты кең ауқымды аудандық акция ұйымдастырылды. Ауқымды шара аудан әкімдігі мен аудандық Полиция бөлімінің бірлесуімен өтті.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, жастарды спортпен шұғылдануға ынталандыру, есірткі мен өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ қоғамда құқықтық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру болды.

Іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Қазақбайұлы және аудандық Полиция бөлімінің басшысы Асқар Көпбаев сөз сөйлеп, нашақорлықтың қоғамға тигізетін зиянына тоқталды. Олар жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, спорт пен белсенді өмір салтын таңдауға және болашаққа нық қадам жасауға шақырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мойынқұм Ауданы (@moiynqumakimdigi)

Акция аясында тұрғындар мен жастардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, марафондық жүгіру, волейболдан аудандық турнир, арқан тарту сайысы және қыздар арасында қол күрес жарысы өтті. Жарыстарға қатысушылар жоғары белсенділік танытып, өзара бақ сынасты. Спорттық бәсекелер қатысушылардың күш-жігерін шыңдап қана қоймай, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Спорттық шаралармен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы ақпараттық парақшалар ауылдағы дүкендерге, қоғамдық орындарға және қоғамдық көліктерге ілініп, тұрғындарға есірткінің зияны мен оның алдын алу жолдары туралы ақпараттар таратылды. Мамандар жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, өмірде дұрыс таңдау жасауға үндеді.

Мұндай шаралардың маңызы зор. Өйткені нашақорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады. Әсіресе жас буынның бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа баулу – келешек ұрпақтың жарқын болашағына жасалған инвестиция.

Іс-шара соңында спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және зиянды әдеттердің алдын алуға өз үлесін қоса беретінін атап өтті.

Салауатты өмір салтын таңдау – әр адамның өз болашағына жасаған ең маңызды қадамы. Сондықтан денсаулықты сақтау, спортпен шұғылдану және қоғамның дамуына үлес қосу – әрбір азаматтың басты ұстанымына айналуы тиіс.


Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты