Бүгін кешке Жамбыл облысында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды.
Сағат 11:00-де Мойынқұм ауданында, Мойынқұм ауылынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығы аумағында 1964 жылы туған, 31 желтоқсан күні жаяу түрде Мойынқұм ауылына қарай шыққаннан кейін хабарсыз кеткен ер адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Атап айтқанда, жеке құрам, арнайы техника, кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
Қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде жоғалған азамат шаруа қожалығынан шамамен 50 шақырым қашықтықта, дала аумағынан табылды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
ТЖМ







