• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Меркіде дүркіреген көкпар өтті

turan_admin turan_admin
06.12.2017, 23:52
Абырой, Облыс жаңалықтары
Меркіде дүркіреген көкпар өтті
390
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Меркіде дүркіреген көкпар өтті

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесі Меркі ауданында да жоғары деңгейде аталып өтті. 2017 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны күндері Жамбыл облысы Меркі ауданы Тәтті ауылында жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен көкпар ұлттық ойыны өткізілді.

Ұлттық спортты дамытып, ата-бабамыздың мұра еткен баға жетпес қазынасын дәріптей отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ үздік спортшылар мен сәйгүлік баптайтын атбегілерді анықтап, облыс құрамасын жасақтау мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараның жастардың күші мен ептілігін арттырып, батылдық пен ерлік қасиеттерін дамыта түсері анық.

Облыстың түпкір-түпкірінен тамашалау үшін жұртшылық көп жиналған шараға көкпардан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының бас бапкері Қуанышбек Құрамаев пен әлемдік деңгейдегі турнирлердің жеңімпаздары қатысты. Мерекелік іс-шараны алғаш болып сөз сөйлеп ашқан Меркі ауданы әкімінің орынбасары Марат Жарылқасынұлы атаулы мерекемен аудан тұрғындарын және барша қазақстандықтарды құттықтай отырып, Тәтті ауылдық округінің әкіміне, ауыл ақсақалдарына және тұрғындарына осындай игі шара үшін Меркі ауданы әкімі Мейірхан Азатұлының атынан зор алғысын білдірді.

Ұлттық ойынның жанашыры Тәтті ауылдық округінің әкімі Алметов Талғат Аманқұлұлының басшылық етуімен, Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы, сондай-ақ Тәтті ауылының Көкпар федерациясының президенті Төлебаев Амантай Сейітжанұлының қолдауымен өткен ашық турнирге әрқайсысы 12 ойыншыдан құралған 18 команда қатысты.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додада кіл мықтылар арасынан ең үздіктерді анықтау оңайға соққан жоқ. Нәтижесінде ақтық сынға сүрінбей өтіп, 18 команданың ішінде кәсібиліктерімен оза шапқан «Тәтті ауылы» командасы айқын есеппен 1-орынды және ауыспалы кубокты жеңіп алды. 2-орынды «Меркі округі» командасы иеленсе, «Байзақ-Датқа» командасы 3-орын тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, Абылайхан Нышанбек, Әділет Мамыт, Ақылбек Қымызбаев және Асқар Есеналиевтар «Үздік шабандоздар» атанып, арнайы жүлделерге ие болды.

Барлық жеңімпаздар кубоктар, медальдер мен дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Атап өтерлік жайт, ойынның жеңімпазы атанған «Тәтті ауылы» командасының капитаны Асхат Алметов ауыспалы кубокты келесі жылы Шу ауданында өткізу үшін «Сауытбек-Шу» командасының капитаны Қуаныш Тойшыбаевқа табыстады.

Бұл бастаманы дәстүрге айналдыруды мақсат еткен ұйымдастырушы спортсүйер азаматтар қазақтың нағыз ұлттық ойыны көкпардан ашық турнирді әр жыл сайын кең көлемде өткізуді жоспарлап отырғаны көңіл қуантарлық жайт.

Олай болса, бабадан қалған ізгі салтымыз бен ұлттық мәдениетіміздің дамуына сіздер де, атсалысыңыздар, құрметті ағайын!

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.