Бүгінгі таңда «Жамбыл су қоймалары» КММ теңгеріміндегі су қоймаларды 2021 жылға 8 су нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Олардың қатарында Жуалы ауданы «Дарбаза», «Береке» су қоймасының шығыс каналы, Меркі ауданы «Кенес», «Ленин жолы», «СТФ», «Аспара-1», Талас ауданы «Қызыл әуіт», «Шабақты» нысандары бар. Қазіргі таңда «Дарбаза» және «Кеңес» су қоймаларынан басқа барлық нысандарда жұмыстар толық көлемде орындалған. «Дарбаза» және «Кеңес» су қоймалары бойынша су пайдаланушылардың өтініштеріне байланысты жөндеу жұмыстары вегетациядан кейін жүргізілетін болады. Сонымен қатар, облыстың елді мекендері мен шаруашылық объектілерінің жоғарғы деңгейінде орналасқан 14 су қоймасының жетеуі,атап айтсақ, Жуалы ауданы «Дарбаза», Меркі ауданы «Ленин жолы», «Кеңес», Талас ауданы «Тамды», «Ойық», «Қазақбай», Шу ауданы «Ақсу» су қоймаларында халықты құлақтандыру жүйелерін орнатуға бюджеттік өтінім әзірленіп, бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылды. Алайда, бюджеттік өтінім қолдауын таппаған. Бұдан басқа, Меркі ауданындағы Аспара өзенінің деңгейі түскен кезде Батыс Үлкен Шу каналын (ЗБЧК) 1,5 м3/сек- дейін сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, 1325 га жерді суаруға Меркі ауданында «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3» жаңа су қоймаларды салуға жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге 36,8 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі күні аталған жұмыстар бойынша мердігер анықталып, топографиялық жұмыстар жүргізілуде.
Экология саласында Жамбыл облысы бойынша жалпы 5073 табиғат пайдаланушылар тіркелген, оның 6 % I санаттағы объектілер, 4771 (94 %) II, III және IV санаттағы объектілер. 2021 жылғы I жартыжылдық басқарма тарапынан қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 313 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 232 экологиялық рұқсаттар және 81 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларына жатады. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар негізінде табиғат пайдаланушылар жергілікті бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді жүзеге асырады. 2021 жылғы 1 жартыжылдығында іс жүзінде 2196,74 млн.теңге көлемінде төлемдер түскен, 2978,898 млн теңге жылдық болжам сомасының 74 % құраған.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды