• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуымен құттықтады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
14.10.2025, 21:54
Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты
13
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

– «Лукойл» – елімізде табысты жұмыс істеп жатқан беделді компанияның бірі. 1995 жылы Қазақстанға алғаш қадам басқан компанияның еліміздегі абырой-беделі зор деп айтуға толық негіз бар. Бұл – табанды еңбек пен терең жауапкершіліктің арқасы екені сөзсіз. Бұдан бөлек, «Лукойл» компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестікті нығайта түсуге мол үлес қосып жатыр. Кәсіпорын елдеріміздің экономикалық әлеуетін нығайтып, ырысты ынтымағымызды арттыруда. Тарихқа үңілсек, «Лукойл» компаниясының қазақ жеріндегі қызметі «Құмкөл» жобасынан бастау алды. Кәсіпорын жемісті жұмыс істеп, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде орасан зор табысқа қол жеткізді. Атап айтқанда, «Лукойл» Қазақстанның мұнай-газ саласына 12 миллиард доллардан астам қаржы салды, 94 миллион тонна мұнай және 60 миллиард текше метр газ өндірді. Компания 300 миллион долларға жуық қаржыны әлеуметтік жобалар мен қайырымдылыққа жұмсаған, – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл көрсеткіштердің аясында мыңдаған жұмыс орны құрылып, озық технологиялар келгенін, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосылғанын атап өтті. Компанияның қатысуымен Теңіз кен орнындағы Кеңейтудің болашағы жобасы табысты аяқталды. Бұл әлемдік мұнай-газ саласындағы ірі бастамалардың бірі саналады.

– Каспий қайраңында «Лукойл» «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесе «Қаламқас теңіз» және «Хазар» секілді перспективті жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Бұл – стратегиялық жобалар. Кен орындарын игеру үшін алты миллиард доллардан астам тікелей инвестиция құю және екі мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Аталған жобадағы қазақстандық үлесті арттыру мақсатында теңіз мұнайын өндіру платформасына Маңғыстау облысының кеме жасау және жөндеу өндірісі тартылған. Кәсіпорын Қарашығанақ кен орнында жұмысын жемісті жалғастырып келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда «Лукойл» Каспий құбыр консорциумын дамытуға атсалысуда. Мұның да еліміз үшін маңызы ерекше. Осы стратегиялық мәні зор бағдар арқылы Қазақстан мұнайы ондаған мемлекетке жеткізіліп жатыр. Сол арқылы еліміздің жаһандық энергетика нарығындағы рөлі нығайып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2019 жылы Алматы облысында жағармай зауытының іске қосылуын ынтымақтастық тарихындағы ең маңызды кезең ретінде атады. Бұл – еліміздегі жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін жағармай өндіретін алғашқы кәсіпорын.

– Корпорацияның әлеуметтік жауапкершілік танытудағы жоғары деңгейі мен қайырымдылық саласындағы қолдауын ерекше атап өткім келеді. Компанияның адам капиталын дамытуға айрықша көңіл бөлетіні қуантады. Ірі мұнай-газ нысандарында еңбек ететін мыңдаған қазақстандықтар жаңа білім алып, біліктілігін жетілдіріп, заманауи технологияларды игерді. Олардың кәсіби шеберлігі, еңбексүйгіштігі, өз ісіне адалдығы – Қазақстанның мақтанышы әрі келешек табыстарымыздың кепілі. Бір сөзбен айтқанда, отыз жыл ішінде Қазақстан мен «Лукойл» сындарлы ынтымақтастық жолынан сүрінбей өтті, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ секторы Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынын жеткізді. Алда қолданыстағы кен орындарын одан әрі игеру міндеті тұр.

– Сонымен қатар ауқымды геологиялық барлау, шикізатты терең өңдеу жобаларын іске қосу, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу, сондай-ақ адамға, әлеуметтік салаға инвестиция құю жұмыстарының маңызы зор. «Лукойл» компаниясы бұл басымдықтарды толық қолдайтынына, болашақта стратегиялық ынтымақтастықты дамытуда жаңа табыстарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. Еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген компанияның барлық қызметкеріне алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.

Ақорда

Тегтер: АқордаҚасым-Жомарт ТоқаевҚР ПРЕЗИДЕНТІлукойл
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.