• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ АҚША ЖИНАҒАНЫ РАС ПА?

Мектептегі ұстаздар Томиристі күтіп алу үшін ақша жинағаны рас па? Жамбылдықтарды шулатқан Томирис туралы не білеміз?

turan_admin turan_admin
04.09.2024, 10:30
Аудан жаңалықтары
МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ АҚША ЖИНАҒАНЫ РАС ПА?
553
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбылдық жұртшылықты іс-әрекетімен қатар, сенім-нанымымен шулатқан «Томирис» – Гүлсара Суазқызы туған жері Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылдық округіне арнайы келген.

«Бұл адам ауылға қайдан келді, кім шақырды?» деген сауалдар жұрт ішін де желдей есіп жүр. Бірі әкімдік ұйымдастырған десе, енді бірі мектеп басшылығы арнайы шақырған деседі.

https://turaninfo.kz/wp-content/uploads/2024/09/WhatsApp-Video-2024-09-03-at-15.10.30.mp4

Расында да Гүлсара Суазқызының әлеуметтік желілерде тараған бейнетаспадағы іс-әрекеті қоғамда әртүрлі теріс пікір қалыптастырып жатқандықтан, осы жайдың анық-қанығына жету үшін Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қанат Сматқа арнайы хабарласып, мәселенің мән-жайын білмек болдық.

– Гүлсара Суазқызының ауылға арнайы келетінін маған мектеп директоры Эльмира Зәкімбаева хабарлады. Директордың айтуынша ол кісінің мектепке сонау Алматыдан арнайы алып келе жатқан қайырымдылығы бар деді. Содан мен аудан орталығына хабарластым. Жағдайды толық хабарлап жеткіздім. Басшылық тарап ол кісіні жақсы білесіңдер ме, кім ол, қандай адам деп сұрады. Мен өзім көрмеген кісім, бірақ мектепке деген қайырымдылық іс-әрекеттері бар дедім. Онда өздерің қараңдар, бірақ мәселе туындап жүрмесін деп ескертті аудан басшылығы. 

Гүлсара Суазқызы жалғыз емес, қасында бірнеше адамдар журналистер мен қатар әншілерде бар деген соң біз ауылдық мәдениет үйінде концерт ұйымдастырайық деп шештік. Ол концертті ұйымдастырып бердік. Бар болғаны сол. Ал ол кісінің көйлегінің етегін ұстап жүрген мектеп оқушыларына біздің еш қатысымыз жоқ. 

– Аталған қонақтарға аста-төк дастархан жайып, ауылдың асханасына арнайы күтті деп шулап жүр тұрғындар. Қонақтардың шығынын кімдер көтерді? Ауылдағы атымтай жомарттар демеушілік жасады ма? Немесе аудан және ауыл әкімдіктері ме? 

– Жоқ, ол қонақтарды күтіп алу, жатар орынға жайғастыру, дастархан шығындарына аудан әкімдігінің де, біздің де еш қатысымыз жоқ.

– Жаңа әзірде сіз аудан әкімдігінің Гүлсара Суазқызына арналған іс-шараға еш қатысы жоқ деп айттыңыз. Алайда, іс-шарада Томириске Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркеповтің арнайы алғыс хатын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тапсырған көрінеді. Бұл қаншалықты рас?

–  Енді ол кісіні медицина ғылымдарының докторы, белгілі емші әрі ауылға қайырымдылық жасап жатқан соң алғыс хатты беруімізге тура келді. Біз бастапқы кезде ол кісіні толық білмедік қой. Кім білген соңы осындай мәселелерге айналып кететінін.

Гүлсара Суазқызы бастапқыда мектеп директоры Зәкімбаева Эльмираға хабарласып, ауыл тұрғындарымен қатар, мектеп оқушыларымен кездескісі келетінін жеткізген.

29 тамыз күні Томириске мектеп тарапынан «Туған жерге тағзым» — «Мектепке жол!» республикалық қайырымдылық акциялары аясында іс-шара ұйымдастырылған.

https://turaninfo.kz/wp-content/uploads/2024/09/WhatsApp-Video-2024-09-03-at-15.10.41.mp4

Аталған іс-шара, яғни Томириспен ауыл тұрғындарының кездесуі, мектеп директоры Эльмира Зәкімбаеваның тарапынан қолдау тауып, жүзеге асқан дейді ауыл тұрғындары. Біз бұл іс-шаранын қандай мақсатта ұйымдастырылғанын білу үшін мектеп басшылығына да арнайы қоңырау шалып, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Сайлаубаев Айбекпен хабарласып, мән-жайды анықтауға тырыстық.

– Бұл іс-шараны ұйымдастырған мектеп емес. Бұны ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімі. Бізге яғни, мектепке 100 киім-кешек береді, «Мектепке жол!» акциясы аясында демеушілік жасайды деп шақырған соң біз де барлық сол іс-шараға. Іс-шараның басы-қасында жүрдік. Кейіннен біз ол кісінің тәуіп пе, бақсы ма деп түсіне алмадық. Гүлсара Суазқызының жеке мәліметіне зер салсақ сұмдық. Медицина ғылымының докторы, академик дейді. Бірақ ісі мен әрекеті оған үйлеспейтін сияқты. Ол кісімен еріп келген журналистің бірімен тілдесіп, қонағымыз туралы мәліметтер сұрастырып көрдім. Оның айтуынша олардың бәрін қыруар қаржымен жалдап келген екен. Расында да ауылдың қызы болса да ол кісі туралы толық білмейміз. Әлгі қасында жүрген журналистер мен блогерлердің айтуынша Алматыда маскүнемдер мен нашақорларды емдейтін емші болып шықты. Ауыл мектебіне жасаған қайырымдылығын айтсам қынжылып қаласың. Қысқасы мектепке деп берген киім-кешектері ескі-құсқы, иістеніп кеткен көйлектер болып шықты. Оны біз ауылдың мешітіне қайтарып жібердік, олар қайтадан бізге беріп жіберді. Ешкімге қажеті жоқ компьютер, сынған картина, ескі-құсқы ойыншықтар берген. Мектеп директоры ол кісіге қайта хабарласып, мына ескі-құсқы заттарыңыз қажет емес, алып кетіңіз деп айтқан. Кейіннен Гүлсара Суазқызы өзі қайта хабарласып мектеп қорына 500 000 теңге аударам деген. Бірақ та әлі аудара қойған жоқ-ау. Аударды деп естіген жоқпын.

– Ел Томиристің көйлегінің етегін оқушылар неге ұстап жүр деп шулап жатыр. Расында да көйлегінің етегін ұстап жүруді ол кісі өзі талап етті ме, әлде Сіздер солай жасаңдар деп оқушыларға тапсырма бердіңіздер ме?

– Мәдениет үйінің алдында ол кісіні салтанатты түрде арнайы күтіп алды. Бұл мәдениет үйінің алдында болатын. Әлгі кісі көліктен түсіп, ұзын көйлегін сүйретіп келе жатқан кезде сол жердегі жиналған жұртшылықтын ішіндегі біреуі оқушыларға көйлегін ұстаңдар десе керек, бала ғой олар, үлкеннің айтқан тілін алып, көйлегін көтеріп жүрген. Кісілік тұрғыдан қарасақ онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ұстаса апалары, бөтен емес.

– Осы іс-шараға келген қонақтарға арнап аста-төк дастархан жайылған көрінеді. Алайда оның шығынын толықтыру үшін мектептегі әр ұстаздан 4000 теңге жиналған дейді? Бұл қаншалықты рас? 

– Ақша жиналғаны рас. Мектепке көмектеседі деген соң өз еркімізбен ерікті түрде жинап бердік.

Талайды таңқалдырған «Томирис» — Гүлсара Суаз қызы өзін ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мишель Нострадамус атындағы Проскопия ғылымдарының академигі деп таныстырған.

Томиристі Тереңөзекке шақырған аудан әкімдігі ме жоқ әлде ауылдық мектеп басшылығы ма нақты белгісіз. Әкімдік мектепке, ал мектеп болса әкімдікті меңзеп отыр.

«Ел ағадан тозады, тон жағадан тозады» деген сөз бар. Ел ағалары қоғамда осындай келеңсіз дүниелерге жол беріп, жастардың санасын бұлғап жатса, ұстаздарды түсініксіз дүниелермен мазалап жатса, еліміздің ертеңі бұлыңғыр болары анық. Жоғарыдағы қозғалған мәселелер қоғамдағы идиология саласының ақсап тұрғанын айқындай түседі.

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ

Тараз қаласы 

Тегтер: ТОМИРИС
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.