Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.
Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.
Жетісу ауданы #148 мектеп-гимназия оқушылары “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауға қатысуда. Байқау аясында «Мәдениет — ұлттың қайта өркендеу коды» тақырыбында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты қоғам қайраткері ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты, ақын, журналист, публицист Жанарбек Әшімжанмен дөңгелек үстел өтті.
Ұлы дала өркениеттері — мектеп пен оқушыға берері мол байқау.
Жаңа оқу жылының басталысымен «Ұлы дала өркениеттері» байқауына Айшабибі орта мектебімізбен өтініш беріп, іс-шаралар легін бастап кеттік. Білім, тәрбие, ғылым, мәдениет, спорт салаларының барлығын қамтуға бағытталған іс-жоспар көңілімізден шықты. Бәйгеге тігілген жүлдеден бұрын рухани баюға мүмкіндік беретін жүлдесіне баға жетпейді. Әр күніміз әртүрлі іс-шарамен толығып, мектептің күйбеңінен әбден қол үзіп қалған білім алушвларымызды жан-жақты дамытып, жаңа қырларын ашуда керемет мүмкіндік болды.
Байқау барысында ғалым, Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу оқушылар үшін ерекше сезім берді. Керемет тұлғаның әңгімесін тыңдап, батасын алып, дастарханынан ауыз тиіп, сиясы кеппеген кітабын сыйға алу — болашақ ұрпақ үшін таптырмас қазына.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Исматова Сәрсекүл Молдабекқызы, дінтану орталығының жетекшісі Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлының дәрісін тыңдай жан-жақты сауатты арттырып, ұлттық кодымызды айқындауға мүмкіндік берді.
Чемпион түлегіміз Бекзадаев Ильяспен кездесу арқылы балалар өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын ұғынды.
Театрландырылған көрініс, домбыра тарту флэшмобы оқушыларымыздың бойынан шығармашылық қабілеттерін ашып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге мүмкіндік берді.
О.Исаев атындағы мектепте 1 қазан күні «Дәстүр мен ғұрып» тақырыбында балаға ат қою, бесікке салу дәстүрлерінен театрландырылған қойылым болды. Балаға азан шақырып, ат қою рәсімін 82 жастағы Хамидуллин Қараша атамыз өткізді. Бесікке салу сәтінде орыс тілі,әдебиеті пәні мұғалімі Кенжегалиева Набия бесіктің пайдасы көп екендін айтып, бесік жабдықтарына тоқталды. Баланы бесікке бөлеп, бесік жырын жырлады. Бесікте ұйықтаған бала таза, жылы жатады. Төле би: «Баланың бесігі -кең дүниенің есігі» десе, халқымыз «Туған жер — алтын бесік» деген даналық сөздері тегін айтылмаған. Қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік деп санаған. Біз салт дәстүрімізді құрметтеп,әрқашан дәріптейміз.
Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған