• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

“Ұлы дала өркениеттері” атты байқауы аясында «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Амалбек Тшановпен кездесу өтті

turan_admin turan_admin
27.09.2021, 17:54
Қазақстан жаңалықтары
“Ұлы дала өркениеттері” атты байқауы аясында «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Амалбек  Тшановпен кездесу өтті
241
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.

Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты  Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.

2021 жылдың 10 қыркүйегінде Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында «Ұлы дала өркениеттері» байқауы аясында «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті — сол ұлттың жаны, жан- дүниесі» тақырыбында еліміздің ардақты азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Амалбек Қозыбақұлы Тшановпен 10-11-сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға қонағымыздың өнегелі өмірі мен елімен бірге жүріп өткен еңбек жолы таныстырылды.

«Тура ағаш- үйге тіреу, тура жігіт- елге тіреу» демекші, талапшылдығымен, туралығымен ел ықыласына бөленген Амалбек Қозыбақұлының сүбелі сұхбатымен  кездесу ары қарай жалғасты. Амалбек Қозыбақұлы «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті — сол ұлттың жаны, жан — дүниесі» тақырыбында ұлағатты ойымен бөлісіп, өзінің өмірлік ұстанымы, қазіргі жастар туралы әңгіме өрбітті. Кездесудің маңыздылығы білім алушылар ана тілін, ұлттық және мәдени дәстүрлерді құрметтеуді, өз елінің жанашыры болу керектігін ұғынды.

«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТТЕРІ» атты байқау ережесіне сәйкес №3 мектеп-лицейінде осы аптада «ТАЛАНТ — ТАБИҒАТТАН, ТАЛАП -ӨЗІҢНЕН» кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, оқушыларға насихатталды.

Мектеп-интернатымызда «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің хатына сәйкес «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 7-10 сынып оқушылары арасында «Құндылық – адам жанының алтын арқауы» тақырыбында үздік бейнебаян байқауы өткізілді.
Байқауға 7-8-9-10 сынып оқушылары өз отбасыларымен түсірген 10 бейнебаян ұсынды.  Осы жұмыстар арасынан әділ-қазылар алқасы ең үздік бейнебаяндарды іріктеп алды. Бағалау талаптарына сәйкес 10 сынып оқушысы Нұржан Нұрдананың бейнебаяны үздік деп табылды.

Нұрдана өз бейнебаянында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, қарты бар үйде береке, бірлік, сыйластық және ең бастысы ұлттық құндылығымызды сақтау отбасында насихатталып отыратындығын көре аламыз. Әжесінің даналығы жүректен ерекше орын таба білді. Бейнебаянда әженің немересіне отбасы құндылықтарын дәріптеуі, өз тәжірибесімен бөлісуі байқалады.

Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.