• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының басшылығымен газ жеткізу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

turan_admin turan_admin
18.08.2022, 19:41
Қазақстан жаңалықтары
Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының басшылығымен газ жеткізу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады
141
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу өткізді.

Тараптар компанияның Қазақстандағы қызметі, ішкі нарыққа тауарлық және сұйытылған мұнай газын жеткізу, сондай-ақ Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы «Шеврон» компаниясы Қазақстанның алғашқы стратегиялық серіктестерінің бірі екенін, елімізде көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысқанын атап өтті.

«Қазіргі таңдағы әлемдегі ахуал бізден энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талап етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “QazaqGaz” ұлттық компаниясына тауарлық газдың қосымша көлемін сату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл біздің ресурстық базамызға үлкен әсер етеді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр Теңіз кен орнындағы сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Үкімет басшысы Қазақстанның ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударатынын айтты. Осыған байланысты ТШО ресурстарынан ішкі нарыққа қосымша газ бөлу мәселесі пысықталып жатыр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының $248 млн-ға Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша жүргізген жұмысын атап өтті. Қор жұмысы аясында отандық инвестициялық жобалар іске асырылмақ.

Өз кезегінде Майкл Уирт «Шеврон» компаниясының бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға дайындығын растады.

«Қазақстанның энергетикалық секторда даму әлеуеті зор. Оны іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға және экономика үшін қосымша мүмкіндіктер ашуға көмектеседі. Біздің жобалар бойынша үлкен жұмыс атқарылды, алайда болашақта әлі де көп жұмыс жүргізу керек», — деді Майкл Уирт.

Сондай-ақ Премьер-Министр мұнай

-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру аясында инвесторлар үшін қазыналық және реттеуші преференциялар пакетін қамтитын жақсартылған модельдік келісімшарт әзірленетінін хабарлады. Ол жаңа теңіз жобаларына, құрлықтағы күрделі жобаларға және газ жобаларына қолданылады.

«Біз бірлесе үлкен жол жүріп өттік. Қазақстан Үкіметінің бірлескен жоспарларды іске асыруда сындарлы диалогқа әрдайым ашық екендігіне сендіргім келеді», — деді Әлихан Смайылов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.