• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлихан Смайылов: Үкімет Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын қабылдайды

turan_admin turan_admin
22.09.2022, 12:39
Қазақстан жаңалықтары
Әлихан Смайылов: Үкімет Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын қабылдайды
511
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бейсенбі, 22 қыркүйекте, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада Машина жасау және металл өңдеу жөніндегі екінші халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair» көрмесі аясында өткен Қазақстан машина жасаушыларының X форумының пленарлық отырысына қатысты.

Форумның ашылуында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

«Құрметті жиынға қатысушылар! Сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының X форумының ашылуымен құттықтаймын! Бұл – мемлекет пен бизнес өкілдерін осы саланы дамытудың тың тәсілдерін табуға жұмылдыратын беделді диалог алаңы.

Елімізде өңдеу өнеркәсібіне және машина жасау ісіне қолдау көрсетіліп, қолайлы жағдай жасалып отыр. Соның нәтижесінде Қазақстан компаниялары жүк және жолаушылар вагондары, автокөлік, автобус, электровоз, трансформатор сияқты жаңа өнімдер шығаруды меңгеруде.

Экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға және жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға арналған бағдарлама жүзеге асырыла бастады. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданып, осы саланың негізі басымдықтары және даму бағдары айқындалды. Бүгінде отандық машина жасаушылар өз өнімдерін сыртқы нарыққа да шығарып жатқаны қуантады. Экспорт көлемі қазірдің өзінде $2 млрд-қа жетті.

Бұл саланың әлеуетін толық пайдалану арқылы еліміздің экономикасын өркендетуге, технологиясын дамытуға және әлеуметтік өзгерістер жасауға жол ашылады деп сенемін. Баршаңызға толағай табыс тілеймін!», — делінген ҚР Президентінің құттықтау сөзінде.

Өз кезегінде Әлихан Смайылов отандық машина жасау саласының республика экономикасының тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын айтып өтті. Мәселен, индустрияландыру жылдарында машина жасаудағы өндіріс көлемі 6 есеге өсіп, 2,3 трлн теңгеге дейін көтерілді. Саланың өсімі соңғы 3 жылда орта есеппен 20%-ды құрап отыр.

«Қазіргі таңда Үкімет отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Бұл – қолжетімді бастапқы материалдармен және қаржыландырумен қамтамасыз ету, сонымен бірге импортқа тәуелділікті азайту, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғырту», — деді Әлихан Смайылов. Сонымен қатар ол Үкіметтің ашық диалогқа және бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Пленарлық отырыс аясында Әлихан Смайылов сұрақ-жауап сессиясына қатысты, онда Үкімет басшысы машина жасау өнімдерін импорттау және шетелдік компаниялардың Қазақстанға көшуі туралы өз пікірін білдірді.

«Бізде бүгінде экспортқа қарағанда импорттың үлесі басым. Бұл жағдай керісінше болуы керек. Мәселені шешу үшін жүйелі және кешенді шаралар қабылдау қажет. Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары бағдарламалық құжатын әзірлеу және қабылдау туралы ойланатын кез келді. Себебі ұзақ мерзімді тәсілдер ғана осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр «Kazakhstan Machinery Fair» көрмесінің экспозициясымен танысты, онда 17 елдің 240-тан астам компаниясы өз өнімдері мен технологияларын ұсынды. Олар: Қазақстан, Австрия, Беларусь, Германия, Дания, Израиль, Испания, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Иран.

Одан бөлек, Әлихан Смайылов Түркияның «MAKFED» машина жасау федерациясының төрағасы Аднан Далгакиранмен кездесті, онда Үкімет басшысы түрік компанияларын белсенді түрде инвестиция салып, Қазақстанда өз өндірістерін ашуға шақырды.

«Біздің еліміз тәжірибесі мол түрік компанияларымен машина жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі», — деді Премьер-Министр.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.