• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 09:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлихан Смайылов «Каспий бестігі» елдерін экологиялық бағдарламаны жаңғыртуға шақырды

turan_admin turan_admin
06.10.2022, 23:44
Қазақстан жаңалықтары
Әлихан Смайылов «Каспий бестігі» елдерін экологиялық бағдарламаны жаңғыртуға шақырды
144
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәскеуде өтіп жатқан екінші Каспий экономикалық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Үкімет басшысы Каспий өңірінің тарихы тереңде жатқанын, оның алуан түрлі мәдениеті мен мол табиғи қорлары бар екенін атап өтті. Сонымен қатар географиялық орналасуы және бірегей транзиттік әлеуеті жағынан Каспий теңізі халықаралық сауданы дамытуда маңызды рөл атқарады.

«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс көлік дәліздерінің әлеуетін арттыратын трансшекаралық хабтарды қалыптастыру бойынша үлкен жоспарлары бар. Бұл – Ақтау және Құрық теңіз порттары, “Қорғас” құрғақ порты, “Орталық Азия” халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы және басқалары», — деді Әлихан Смайылов.

Мұндай инфрақұрылымдық тораптар Каспий маңындағы елдерге және халықаралық нарықтарға сауда тасымалдарын кеңейтуге ықпал ететінін ескере отырып, Премьер-Министр Мемлекет басшысының Каспий маңы азық-түлік хабын құру туралы бастамасына назар аударды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы өңіраралық сауданың әлеуетін толық ашу үшін өңірдің көлік байланысын жақсарту қажет екенін атап өтті. Мәселен, Ақтау порты «Үндістан – Парсы шығанағы елдері – Иран – Қазақстан – Ресей» бағыты үшін торапқа айналуы мүмкін.

Оған қоса, Әлихан Смайылов Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы жүк тасымалын кеңейту үшін Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту және кедергілерді бірлесіп еңсеру қажеттігін мәлімдеді.

«Бүгін біз бастама ұсындық: әріптестерімізбен бұл жұмысты қазірден бастаймыз деп келістік. Тиісті жол картасын әзірлеп, транзиттік маршруттарымыздың әлеуетін кеңейтуге кірісеміз», — деді ол.

Премьер-Министр ынтымақтастықтың тағы бір маңызды қыры ретінде аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін айтты. Бұл бағытта мұнай мен газды терең өңдеу басымдық болып табылады.

«Бүгінде Қазақстан заңнамалық базаны жетілдіріп, жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасап жатыр. Жыл соңына дейін құрлықтағы және теңіздегі күрделі мұнай-газ жобалары үшін фискалдық және реттеушілік артықшылықтарды көздейтін Жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілетін болады», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, мұнай-газ химиясындағы келешегі бар жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақ аясында мемлекеттік қолдау мен айтарлықтай артықшылықтар көзделген.

Премьер-Министрдің пікірінше, экология саласындағы өзара іс-қимыл да маңызды рөл атқарады, өйткені Каспий жағалауында 15 млн-нан астам адам тұрады.

«Экологиялық тепе-теңдікті сақтау – мемлекеттеріміз үшін маңызды міндет. Теңіз проблемалары оның биологиялық ресурстарының сарқылуымен, шикізат өндіру және жүктерді тасымалдау салдарынан қатты ластануымен байланысты. Осыған орай, Каспий экологиялық бағдарламасының жұмысын жандандыруды қолдауға шақырамыз», — деді Әлихан Смайылов.

Соңында Әлихан Смайылов өңір елдерін туризм саласында бірлесіп, белсенді түрде әрекет етуге шақырды: аралас турларды іске қосу, круиз туризмін дамыту, визалық және көші-қон режимдерін ырықтандыру жөнінде шаралар қабылдау керек.

«Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі Каспий жағалауында туристерге қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, 2025 жылға дейін 360 миллион доллардан астам сомаға 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр», — деді ол.

Премьер-Министр өңірлік туризмді дамытудың негізгі қадамы Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасында тиісті келісім әзірлеу екенін айтты.

«Оған тезірек қол қою үшін жұмысты күшейтуді ұсынамыз», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Анықтама: Каспий экономикалық форумы (КЭФ) – Каспий өңірі елдері ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылауға арналған ірі алаң, онда көтерілетін негізгі мәселелер – сауда-экономикалық байланыстар мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Форум аясында дөңгелек үстелдер, пленарлық отырыстар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Екінші КЭФ-ке «Каспий бестігі» елдерінен, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаннан 1 000-нан астам делегат қатысып жатыр. Делегацияларды Ресей Үкіметінің төрағасы М. Мишустин, Әзербайжан Премьер-Министрі А. Асадов, Иранның бірінші вице-президенті М. Мохбер және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Х. Гельдымурадов бастап барды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11
Астанада алғашқы қар жауды

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14
Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59
Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

05.10.2026, 15:50
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.