• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі

turan_admin turan_admin
19.05.2021, 11:52
Облыс жаңалықтары
Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі
132
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев наурыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасын иеленген жамбылдық білікті педагогтар – Мираш Бегілдаева және Айгүл Қалмахановамен кездесті. Кездесуде ұстаздарды жоғары дәрежелі марапатқа ие болуларымен құттықтаған аймақ басшысы бұл атаққа қол жеткізген алғашқы 25 ұстаздың қатарынан табылу – асқан құрмет екенін жеткізді.

– Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Мұғалім – мектептің жүрегі» екеніне еш дау жоқ. Сіздер оқушылардың бойына адамзат баласына тән бар игі қасиеттердің дәнін себесіздер. Олардың әлемді тануына көмектесіп, тура жолға саласыздар, тәрбие бересіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің нәтижесінде жас жеткіншектер өз бойындағы дарынын дамытып, өз күштеріне деген сенімге ие болады. Олардың пән олимпиадаларында, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңістерге жетуіне, осылайша өңірдің даңқын арттыруына сіздердің тигізген септіктеріңіз өлшеусіз. Осы орайда, құрметті ұстаздар, жыл сайынғы жанкешті жұмыстарыңыз бен болашаққа қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзінде.

Өз кезегінде облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты тарих пәнінің мұғалімі, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы Мираш Бегілдаева мен Жамбыл ауданы Б. Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогы» байқауына іріктеліп алынған он ұстаздың бірі атанған Айгүл Қалмаханова аталмыш награданы иелену – өздері үшін биік мәртебе екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда ұстаздар қауымына үлкен көңіл бөлініп отырғаны қуантады. Біз мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықты барынша сезініп келеміз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қолынан марапатталу – бізге асқақ абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік жүгін артып отыр. Менің бала күнгі арманымның орындалып, білім беру саласында еңбек етіп келе жатқаныма 37 жылдың жүзі болды. Осы ретте, барлықтарыңызға көрсеткен қолдауларыңыз бен білдірген сенімдеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Үміттеріңізді ақтау үшін күнделікті талмай қызмет етемін, – дейді Мираш Бегілдаева.

Аймақ басшысы да қазіргі уақытта елімізде білім сапасын арттыруға баса назар аударылып отырғанын айтып, экономикалық ахуал қаншалықты ауыр жағдайды бастан өткізіп жатқанына қарамастан білім, медицина мен мәдениет салаларына қолдау азаймайтынына тоқталды.

– Соңғы бірнеше жылдың бедерінде педагогтардың жалақысы қаншалықты өскені өздеріңізге белгілі. Мектептердің құрылысы мен күрделі жөндеуіне қыруар қаражат бөлініп келеді. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы қаладағы білім ошақтарынан еш кем емес. Бұл – оқу ордасының қайда орналасқанына қарамастан білім сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету мақсатында істеліп жатқан жұмыстың нәтижесі, – деді Б. Сапарбаев.

Жиын соңында аймақ басшысы ұстаздарға құшақ-құшақ гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс етті.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.