• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.10.2026, 15:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ләззат Танысбай қызметінен босап, қандай жаңа қызмет орналасты?

Ләззат Танысбай «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы ретіндегі қызметін аяқтады

turan_admin turan_admin
18.08.2025, 16:56
Қазақстан жаңалықтары
Ләззат Танысбай қызметінен босап, қандай жаңа қызмет орналасты?
267
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Мұратқызы Танысбай қызметін аяқтаған туралы хабарланды.
«Бірге қызмет еткен әріптестеріме алғыс айта отырып, Басқарма төрайымы ретіндегі қызметімді аяқтауды жөн санадым. Алты жылдан астам уақытта ең мықты, кәсіби ұжыммен бірге жауапты кезеңдерді еңсеріп, мақсат етіп қойған жобаларды жүзеге асырдық. Корпорацияның қазіргі уақыттағы жетістіктері әріптестерімнің өз ісіне адалдығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы кезеңде қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, кәсіби дамуына қолайлы орта қалыптастыруға тырыстым. Себебі жайлы еңбек ортасы нәтижелі жұмыстың, тұрақтылық пен табыстың негізі деп есептеймін. Қазақ телевизиясының қарашаңырағы саналатын ұйымда бұған дейін талай жетекшілердің өзіне лайық қолтаңбасы қалды. Бұл сабақтастық жалғасын табуы қажет. Уақытпен бірге басшылардың да алмасып, ұйым жұмысына жаңа тыныс, жаңа серпін беріліп отыруы керек деп есептеймін. Бұл шешіміме қолдау білдірген сала министріне алғыс айтамын. Мен әрі қарай да отандық телевизия саласының дамуына еңбек етемін», — деді Ләззат Танысбай бүгін Корпорация жетекшілерімен өткен кездесуінде.
Танысбай «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясын 2019 жылдың сәуір айынан бері басқарып келді. Корпорация осы жылдар аралығында айтарлықтай жетістіктерге жетті және бұл көрсеткіштер ұжым үшін өте маңызды. Алты жыл ішінде Корпорацияның теле және радио арналарының рейтингі өсіп, коммерциялық табысы 50 пайызға артты.
«Qazaqstan» арнасы осы кезеңде ұлттық мазмұнын сақтай отырып, қоғамдық-саяси форматтағы бағдарламаларға басымдық берді. Бұл бағытта «Ашық алаң», «Бас тақырып», «Қос палата», «Әлем және біз» сынды жаңа сараптамалық және қоғамдық-саяси хабарлар эфирге шығып, ашық пікір алаңдары қалыптасты.
Отандық медиада алғаш рет жаңа форматтағы жобалар ұйымдастырыла бастады. Олардың қатарында тікелей эфирде өткен, инфотейнмент үлгісіндегі көпсағаттық онлайн марафондар бар.
Корпорация осы жылдар ішінде тарихи тұлғаларға арналған телехикаялар түсіруге ден қойды. Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, Дина Нұрпейісова, Әл-Фараби, Қорқыт және өзге де тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арналған 22 сериал түсірілді. Солардың бірі «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы көрерменнің жоғары қызығушылығына ие болып, өз алдына мәдени феноменге айналды. Сонымен қатар қазақ қаламгерлері Сайын Мұратбековтің, Бердібек Соқпақбаевтың, Әзілхан Нұршайықовтың «Жабайы алма», «Он алты жасар чемпион», «Махаббат, қызық мол жылдар» әдеби туындылары экранизацияланды, Құсни-Қорлан әнінің шығу тарихы баяндалатын «Естай мен Қорлан» телехикаясы түсірілді.
Корпорация өндірген анимациялық фильмдер кинопрокатқа шыға бастады. «Balapan» телеарнасының 15 жылдығына орай «Шоқан. Қашқарияға сапар», «Желаяқ», «Тоқты мен Серке» анимациялық туындылары үлкен экрандарға шықты.
Осы жылдар ішінде қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамтыған 300-ге жуық деректі фильм түсірілді. Олардың арасында мемлекет тарихындағы алғашқы дәрігер, мұғалім әйелдер Аққағаз Досжанова, Гүлсім Асфендиярова, Нәзипа Құлжанова, Хұсни-Жамал Нұрлыханованың тағдырына арналған «Қазақ қызы», әр дәуірдің ұлы тұлғаларына қатысты «Дәуір даналары», түрлі салада айтулы еңбегімен танылған қазақстандықтарға арналған «Бірегей» деректі фильмдер топтамасы бар.
2020 жылы Ләззат Танысбайдың жетекшілігімен Корпорация құрамында мәдени-ағарту бағытындағы «Abai TV» телеарнасы іске қосылды. Пандемия кезінде шағын құраммен жұмысын бастаған арна бүгінде тәулігіне 17 сағат хабар таратып, отандық және әлемдік өнер мен мәдениеттің түрлі салаларына арналған тележобалар өндіруде.
Отандық контентті халықаралық аудиторияға жеткізу жұмыстары да қарқын алды. 2023 жылдан бастап «Qazaqstan» және «Balapan» телеарналары Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінің аумағына таратыла бастады.
Диджитал бағытында бірнеше ірі жоба жүзеге асырылды: altynqor.com сайты, «Birge.tv» стримингтік платформасы мен түрлі тақырыптық бағыттар бойынша 10 веб-телеарна іске қосылды. «Алтын қордағы» 1500 ән-күй мен фольклорлық аудиошығармалар 100-ден астам әлемдік музыкалық платформаларға жүктеліп, жинақ ретінде жарыққа шықты. Жасанды интеллект көмегімен қазақ ертегілері негізінде анимациялық фильмдер шығарыла бастады.
Спорттық трансляцияларды таратушы негізгі медиаұйым ретінде Корпорация комментаторлар мен спорт журналистеріне арналған «Комментатор сөздігін», журналистерге арналған кәсіби этика стандарттарынан тұратын «Редакция стандарты» нұсқаулығын шығарды.
Ләззат Танысбайдың бастамасымен Корпорация жанынан болашақ телевизия мамандарына арналған Медиамектеп іске қосылып, төрт жыл ішінде 123 студент тегін білім алып шықты. Оның ішінде 24 студент Корпорацияға жұмысқа қабылданды.
Ұжым үшін маңызды көрсеткіштердің бірі — осы жылдар ішінде Корпорацияда жетекшілік қызметтерге тағайындау меритократиялық тәсілмен жүзеге асырылды. Ұжымда ұзақ жылдардан бері қызмет етіп жүрген және нәтижелі еңбегімен ерекшеленген 100-ден астам қызметкер жетекшілік лауазымдарға тағайындалды.

Ләззат Танысбай бүгіннен бастап «Евразия» Бірінші арнасына» жетекшілік етеді.

«Евразия» Бірінші арнасы» 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан республикалық телеарна. Квазимемлекеттік медиаұйым бүкіл Қазақстан аумағында қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Көрермендер ауқымы бойынша отандық телеарналар арасында алғашқы үштікке кіреді.
Ләззат Мұратқызы Танысбайға «Қазақстан» телерадиокорпорациясын дамыту жолындағы қажырлы қызметі мен ұжым ішінде адалдық, әділдік принциптерін қалыптастыруға сіңірген еңбегі үшін ұжым атынан шынайы алғысымызды білдіріп, жаңа қызметіне табыс пен жетістіктер тілейміз.
Тегтер: Ләззат МұратқызыЛәззат Танысбай
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.