• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр Олжас Бектенов журналистердің әлеуметтік саладағы шығындарға қатысты сұрағына жауап берді.

15.07.2025
0
Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде
45
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Республикалық бюджеттің 50%-дан астамы жыл сайын әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталады. Қаражат зейнетақыға, бюджет қызметкерлерінің жалақысына, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақыларға, сондай-ақ мектеп, аурухана салуға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Бұл бағытта Үкімет кешенді, жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар қазіргі уақытта бөлінетін ресурстарды пайдалану тиімділігіне бақылау күшейтілді. Бірқатар параметр мен тәсілдерді қайта бағалау жүргізіледі.

Премьер-министр жүргізілген талдау шеңберінде әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы келетін қолдау шараларын теріс пайдалану фактілері анықталғанын атап өтті.

«Біз қазір еліміздің барлық халқын алты санатқа бөлген жолмен жүріп жатырмыз. Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді, деректер цифрланған, барлығы әл-ауқат деңгейі бойынша бөлінеді. Алтыншы санат – табыс деңгейі жеткілікті жоғары отбасылар мен адамдар. Алтыншы санатты біз әлеуметтік көмек алушылар қатарынан алып тастаймыз, өзін қамтамасыз ете алмайтындарға, жұмыс істей алмайтындарға көбірек көңіл бөлеміз. Мысалы, балалармен айналысатындықтан көп балалы аналар, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс істей алмайды. Біз оларға көп көңіл бөлетін боламыз. Өкінішке орай, бізде әлеуметтік тәуелділік пен әлеуметтік алаяқтық фактілері бар. Біз қазір әр істі жеке-жеке шешіп, барлық басқа схемалардың жолын кесеміз. Әлеуметтік көмек өзін қамтамасыз ете алмайтын адамдарға көрсетілуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

@KZgovernment

Тегтер: әлеуметтік төлемҚР Премьер-МинистріОлжас БектеновҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты