• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Turan Redaktor Turan Redaktor
19.11.2025, 16:10
Қазақстан жаңалықтары
Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар негізгі бағыт бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шаралар кешенін қамтитын бағдарламаның негізгі тәсілдері туралы баяндады. Олардың қатарында халықтың табысын қолдау, сапалы өсуді қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты ынталандыру, экономиканы цифрландыру және ЖИ дамыту, инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіру, инфляция мен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту шаралары бар. Сонымен қатар бағдарлама ақша-несие саясаты,қаржы секторын дамыту және бағаны реттеу бойынша блоктарды қамтиды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын дамыту бойынша монетарлық, микро және макропруденциалды шаралар пакетін ұсынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бизнеске несие беруді кеңейту, тұтынушылық несиелеу сегментіндегі тәуекелдерді төмендету, кәсіпкерлерді қолдау үшін реттеу тәсілдерін жетілдіру жөніндегі қадамдар туралы баяндады.

Премьер-министр бағдарламаны экономиканың сапалы әрі орнықты өсуі мен инфляцияны төмендету есебінен жүзеге асыру азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттырудың негізгі құралы болатынын атап өтті.

Негізгі мақсаттар – экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру. Жаңа инвестициялық циклді іске қосу, бизнес жүргізу үшін кедергілерді жою және мемлекеттің экономикадағы үлесін барынша азайту, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдауды нақты иесіне жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге, экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға баса назар аударылады.

Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істегенде ғана мүмкін болатынын ескере отырып, жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.

Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері инфляция деңгейін бақылау мен төмендету, сондай-ақ бағаның өсуіне сыртқы факторлардың әсерін барынша азайту жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Жанар-жағармай материалдарының бағасын көтеруге енгізілген мораторийді ескеретін болсақ, көршілес елдермен арадағы баға диспаритеті күшейіп келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің бензин мен дизель көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан Энергетика, Сауда, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен Қаржылық мониторинг агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі отын балансына және мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу мәселесіне қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

Ауыл шаруашылығы, Сауда және Өнеркәсіп министрліктеріне ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуін арттыруы тиіс. Тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, өнім бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды және сауда желілерімен келісімдерді белсенді пайдалану арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе бүгінде импортқа тәуелділігі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға басымдық берілуі керек. Сауда министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, делдалдық схемаларды анықтау жұмысын күшейтуі қажет.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға және АӨК-де терең өңделген өнімдерді өндіруге ерекше назар аударылуы тиіс.

Сауда, Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шикізаттық емес өнімдерді экспорттаушыларды ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды.

Сонымен қатар нақты секторын несиелендіруге тарту арқылы басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, даму институттарының, оның ішінде «Бәйтерек» холдингі мен Kazakh Invest рөлін арттыру, іске асырылып жатқан шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.

Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарында қарап, жұртшылықты хабардар етіп отыруы керек. Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалу барысына мониторинг жүргізу тапсырылды.

Премьер-министр барлық бірінші басшыға бағдарламаны сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасарларына өз бағыттары бойынша Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкімет

Тегтер: қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіҚР ҮкіметіОлжас Бектеновұлттық банк
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.