• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 03:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ. 2019 жылдың қорытындысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" атты алғашқы Жолдауында  "Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс. Бұл аксиома әлі де бүгінгі күннің шындығына айналмай отыр. Мысалы, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған мәселені зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады" деп айтқан болатын.

turan_admin turan_admin
26.03.2020, 01:30
Басшылар рейтингісі, Облыс жаңалықтары, Сараптама
ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ. 2019 жылдың қорытындысы
28.9k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы біздің екінші жыл қатарынан Облыс әкімі мен аудан және Тараз қаласы әкімдері арасындағы келісімдердің түйінді нысаналы индикаторлардың 2019 жыл қорытындысымен орындалуы туралы ақпарат негізінде «ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ» жасалды.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, 2018 жылдың қорытындысын «Жыл қорытындысы. Әкімдер рейтингісі» атты мақаладан оқи аласыздар. Өткен жылмен салыстырғанда үш аутсайдер әкім өз қызметін қалыпты. Олар: Тұрар Рысқұлов ауданына жылдың ортасында тағайындалған Ерболат Садырқұлов, оның көршілес ауданы Меркі ауданының тумасы Мейірхан Өмірбек және экс облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев.

КІМ ҚАЙДА КЕТТІ?

2018 жылды бастаған Тұрар Рысқұлов ауданының экс әкіміне сот үкімі шығып, айыппұлмен құтылып шықты. Президенттін тапсырмасымен екі бірдей әкім қызметтен кетті. Олар: «Қордай-Масаншы» оқиғасынынан кейін жылы орнын, зейнет жасына жақындап қалған Болатбек Байтөле және «Тараз қаласындағы №6 орта мектепте орын алған жағдай» бойынша алты айда отырып үлгермеген қаланың мэрі Қайрат Досаев босатты. Қызметтерін ауыстырғандар Сарысу ауданын басқарған Болабек Нарбаев, Талас ауданының экс әкімі Досмахамбет Әлиев, Жуалы ауданын басқарған экс әкім Бақтияр Көпбосынов, Жамбыл ауданынан Талас ауданына ауысқан Бақыт Қазанбасов, жылдың басында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына әкім болып ауысқан Ғалымжан Әбдірайымов және тамыз айында зейнетке шыққан Рахмәтілдә Рахманбердиев.

РЕЙТИНГ:

Ал енді, жыл қорытындысы бойынша соңғы 11 орын Тараз қаласы әкімдікі. Әкімдері: Ғалымжан Әбдірайымов, Қайрат Досаев, Айтқазы Қарабалаев. Бір жылдан үш әкімді көрген қала тұрғындары не көрмеді? Түрлі форматта жұмыс жасайтын әкімдерді көрді. Сонымен орындалмаған индикаторлар: «Өнеркәсіп өнімінің көлемі» (жоспар – 277488,4 млн.теңге, нақты-275280,2 млн.теңге), «Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны, (жоспар-26257 млн.теңге, нақты — 25355 бірлік), «Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» (жоспар-426,3 млн.теңге, нақты-179,2 млн.теңге), «Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» (жоспар-1690,3 млн.теңге, нақты-1682,2млн.тг), «Құрылыс жұмыстарының көлемі» (жоспар- 52500 млн.теңге, нақты -48993 млн.тг) жоспарлы мәндерінің жыл қорытындысымен орындамады.

10 орын. Қордай ауданының әкімі  Болатбек Байтөле. Орындалмаған индикатор: «Жұмыс  істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны» (жоспар-7175 бірлік,  нақты -6983 бірлік),«Негізі капиталына салынған инвестиция көлемі» (жоспар-21500 млн.теңге,  нақты- 18666 млн.теңге)

9 орын. Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбек. Орындалмаған индикатор: «Өнеркәсіп өнімінің көлемі» (жоспар-16830,4 млн.тг, нақты -5302,5 млн.тг), «Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі» ( жоспар- 16286,8 млн.тг , нақты -4778,3 млн.тг.), «Ауыл шаруашылығы  саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» (жоспар-4132,7 млн.тг, нақты-2347,7млн.тг.), «Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі» (жоспар-11000 млн.теңге, нақты -10336 млн.тг) жоспарлы мәндерінің жыл қорытындысымен орындалмады. 

8 орын. Байзақ ауданы. Әкімдері: Рахматілдә Рахманбердиев пен Нұржан Нұржігітов. Орындалмаған индикаторлар: «Сиыр ет экспорты» (жоспар- 250 тонна,нақты -62,2) ,«Тамақ  өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған  инвестиция көлемі» ( жоспар- 1060,4 млн.тг , нақты -545,3 млн.тг ),»Пайдалануға  берілетін тұрғын үй көлемі» (жоспар -27,9шм, нақты -25,3шм).

7 орын. Жуалы ауданы.  Әкімдері: Бақтияр Көпбосынов пен Нарбай Ергебеков. Орындалмаған индикаторлар:«Тамақ  өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған  инвестиция көлемі» (жоспар- 254,5 млн.тг, нақты -135,8 млн.тг ), «Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі» (жоспар-14 000млн.тг, нақты-5393 млн.теңге).

6 орын. Шу ауданы. Әкімдері: Қайрат Досаев пен Жарылқасын Айтақов. Орындалмаған индикатор: “Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» (жоспар -1721,0 млн.теңге , нақты-527,1млн.тг.)

5 орын. Талас ауданы. Әкімдері: Досмахамбет Әлиев пен Бақыт Қазанбасов. Орындалмаған индикатор: «Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі»  (жоспар — 50,0 млн.тг. нақты -0)

4 орын. Сарысу ауданы. Әкімдері: Болабек Нарбаев пен Қанатбек Мәдібек. Орындалмаған индикатор: «Құрылыс жұмыстарының көлемі» (жоспар — 15415 млн.тг.нақты — 8929 млн.тг)

3 орын. Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев. Орындалмаған индикатор: «Сиыр еті экспорты» (жоспар -50тонна, нақты -0), «Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына  тартылған инвестиция көлемі» (жоспар- 50,6 млн.тг. нақты — 0)  

2 орын. Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов. Орындалмаған индикатор: «Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» (жоспар-24,2 млн.тг, нақты-0).

1 орын. Жамбыл ауданы. Әкімдері: Бақыт Қазанбасов пен Сәкен Арубаев. Орындалмаған индикатор: «Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны» (жоспар -4504 бірлік, нақты-4335 бірлік);

Қосымша басқармалармен келісіліп орындалмаған индикаторлардағы көрсеткіштер есептелді. Нәтижесін көріп отырсыздар. Бірақ бәрі қағаз жүзінде мықты жұмысында ештеңке де болмауы да мүмкін. Сол үшін кері байланыс орнату үшін үздік әкімге дауыс беріп кетуіңізді сұраймын.

[poll id=»10″]

 

TURANINFO.KZ

Тегтер: ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.