• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 17:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Киіз басуды қазіргі жастар білмейді»: Павлодарлық оқушылар киізден жасалған дүниелермен елді тәнті етті

turan_admin turan_admin
19.08.2021, 17:26
Азаматтық қоғам институттары
«Киіз басуды қазіргі жастар білмейді»: Павлодарлық оқушылар киізден жасалған дүниелермен елді тәнті етті
111
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Павлодарлық оқушылар қазақтың ұмыт қалған дәстүрлерін, қолөнерін қайта жаңғыртып, киізден жасалған бұйымдарды қолданысқа енгізбекші. Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат лицейінің 10 сынып оқушылары Гүлназ Айткерей мен Дана Карипенова тырнақалды табыстарын ғылыми жарыстарда сәтті қорғап шықты.
Гүлназ бен Дана кішкентайынан ғылымға қызығады. Олардың бұл талпынысын мектеп мұғалімдері де байқайды. Жетінші сыныпта технология сабағынан киіз басу, сырмақ тоқу туралы мәлімет алған оқушы қыздар кейін бұл саланы қайта жаңғыртып, киізден жасалған дүниелерді күнделікті қолданысқа әкелу керек деген ойға келеді.
Осы орайда, Гүлназ бен Дана көп еңбек атқарып, дайын киізді қайта өңдеуді де ойлап тапты.
«Біздің ақ жаулықты әжелеріміз киізді малдың жүнінен басқан. Тіпті, киіз басу үшін көпшілігі жиналып, жасы үлкендері жолын көрсетіп, жас қыздар мен келіншектер қастарында жүріп, үйренетін болған. Бірақ қазіргі заманда киізге айтарлықтай сұраныс жоқ. Біз осы олқылықты реттеу үшін жобамызды қолға алдық. Киізді өңдеудің жаңа технологиясын ойлап таптық. Ол үшін дайын киізге су құйып, сабын құйып, ысытып, формасын қолға икемді қылып аламыз. Кейін сол дайын материалдан түрлі дүниелер дайындап шығуға болады. Болашақта қолмен жасалатын мұның бәрін техникаға салып жетілдіретініміз анық. Енді сырмақ тоқуды үйрене бастадық. Қазақтың бұл дәстүрі де қазір ұмыт қалды. Ал бұрын қыз-келіншектер киіз басып, сырмақ тоқып, уақытты бірге әрі көңілді өткізетін болған», — дейді Гүлназ.
Бүгінде оқушылар облыстық ғылыми жобалар байқауында үздіктер қатарынан көрініп, Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында екінші орын иеленген. Ал жетекшілері Гүлнар Сартайқызының айтуынша, қазіргі жастар мұндай ұмыт қалған дүниелерге көп қызыға бермейді. «Жетінші сыныпта көркемөнер, еңбек пәнінен сабақ бердім. Сол кезде осы екі оқушының ерекше талпынысын байқадым. Киіз басу дегенді қазіргі жастар біле бермейді ғой. Гүлназ бен Дананың осы істі алып кетсек, көпке танытсақ деген жігерлері байқалып тұрды. Оларға бағыт-бағдар беріп отырдым. Өздері әрі қарай дөңгелетіп әкетті. Түрлі байқауларда көпшілікті тәнті етті. Болашақта олардың бұл жобасы сәтті болып, біздің ұлттық дәстүрлеріміз мүлде ұмытылмайтынын сенемін», — дейді Гүлнар Сартайқызы.
Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғырту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру. «Әр адамда «жетістіктің тарихы» әр түрлі келеді. Тағы да оқыңыздар Қызылорда облысының әкімі ең үздік білім беру ұйымына 34 млн теңге табыстады Енді Гүлназ Айткерей мен Дана Карипенова киізден дизайнерлік киімдер тігіп, киізден жасалған жылы бас киімдерді дайындамақшы. Бүгінде олар өздерінің жоспарларымен көптеген маманды таң қалдырып отыр.
Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/1928022-kiiz-basudy-qazirgi-zastar-bilmeidi-pavlodarlyq-oqusylar-kiizden-zasalgan-dunielermen-eldi-tanti-etti/
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ФАТФ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ФАТФ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

03.11.2026, 07:51
Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

23.10.2026, 12:21
Айбек Әжібаев «Әділет» партиясында жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Әжібаев «Әділет» партиясында жаңа қызметке тағайындалды

19.10.2026, 18:11
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.