2020 жылдың 17 тамызынан бастап Жамбыл облысында карантин шаралары кезең-кезеңмен жеңілдей бастайды. Тиісті қаулыға өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойды.
Кафелер, мейрамханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін, 30 орыннан аспайтын жазғы алаңдарда және залдар бойынша жұмыс істей алады.
Бұл ретте ұжымдық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
Қалыпты режимде келесілер жұмыс істейді:
— сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспайтын);
— халыққа қызмет көрсету орталықтары;
— бұған дейін бақылау топтарының дайындық актілерін алған нарықтар;
— Азық-түлік емес дүкендер;
— азық-түлік супермаркеттері мен дүкендер;
— автосалондар, автомобильдердің қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер;
— дәріханалар, ветеринарлық дәріханалар мен клиникалар;
— ауылшаруашылық жануарларына арналған жем сату пункттері;
— тұрмыстық техника дүкендері;
— теміржол вокзалдары, автостанциялар, автовокзалдар;
— көлік жуу және ТҚС;
— сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін басқа да объектілер (алдын ала жазылу бойынша);
— бассейінсіз фитнес-орталықтар, моншалар мен сауналар (50% сыйымдылықпен);
— балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (жазылым бойынша 5 адамнан аспайтын топтар);
— ашық аттракциондар.
Келесі нысандар бойынша шектеулер сақталынады:
— ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу;
— барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фуд-корттардың, кинотеатрлардың және басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы;
— мәдени нысандар, мұражайлардың қызметі, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;
бассейндердің, қалалық және қоғамдық жағажайларды қызетіне;
— діни ұйымдар (мешіттер, шіркеулер, храмдар және т.б.);
Айта кету керек, күшейтілген шектеу шаралары демалыс күндері күшіне еніп отырады.
Атап айтқанда, қоғамдық көліктердің, сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады; азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының; сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер; фитнес орталықтар; монша кешендері мен сауналар; оқу орталықтары, түзету бөлмелері; ашық аттракциондардың жұмысы тоқтатылады.
Жамбыл облысында қандай нысандардың қызметіне рұқсат етілетіні туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысынан толығырақ танысуға болады.






