• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Көпқабатты үйлердің бірінші қабатын коммерциялық бағытта пайдалану қажет

turan_admin turan_admin
22.01.2018, 18:41
Облыс жаңалықтары
Облыс әкімі қаладағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады
176
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Көпқабатты үйлердің бірінші қабатын коммерциялық бағытта пайдалану қажет

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов екі күн бойы Тараз қаласындағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты.
Өңір басшысы ат басын «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» акционерлік қоғамына бұрды. Өз өнімдері Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына шығаратын алпауыт кәсіпорында 500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың өзінде кәсіпорынның дамуына 264 миллион теңге көлемінде инвестиция салынған. Ондағы жұмыспен мұқият танысқан аймақ басшысы өндіріс ошағының жұмысына қажетті көгілдір отынның тапшылығы мені мазуттың бағасының шарықтап кетуі мәселелерін шешуді жауапты басшыларға тапсырды.
Облыс әкімі «Тараз Қант Зауыты» жауапкершілік шектеулі серіктестігінде де болды. Кәсіпорын шикізат ретінде қант қызылшасы мен қант қамысын пайдаланады. Өткен жылы мұнда 219 082 мың тонна қант өндірілген. Қазіргі таңда серіктестікте 812 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Өңір басшысы салалық басқарма басшылары мен кәсіпорын жетекшілерінің назарын зауыттан өндірілген өнімнің бірінші кезекте облыстың нарығын қамтамасыз ету мәселесіне аударды.
Облыс орталығын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған мекеменің бірі «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының тыныс-тіршілігі де өңір басшысының назарынан шет қалмады. Қызметінің 80 пайызын қала тұрғындары тұтынып отырған орталыққа өткен жылы 224,4 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Дегенмен, тозығы жеткен ғимарат кәсіпорынның толық қуаттылығымен жұмыс жасауына кедергі болып отыр. Сондай-ақ, көгілдір отынның тапшылығы да кәсіпорындағы өндірістік үдеріске кері әсерін тигізуде. Өңір басшысы салалық басқарма басшыларына қалыптасқан мәселелерді тез арада реттеп, мекеменің өнімділігін арттыруды міндеттеді.
Асқар Исабекұлына жұмысы таныстырылған тағы бір кәсіпкерлік нысан «Фабрика ПОШ-Тараз» жауапкершілік шектеулі серіктестігі жүнді өңдеумен айналысады. Өнімі Ресей мен Қытай елдеріне экспорттайтын серіктестік шикізат тапшылығын айқын сезінуде. Кәсіпорынға қажетті шикізатты қытайлықтар әлдеқайда жоғары бағамен сатып алып жатыр. Өңір басшысы бұл мәселенің шешімін табуда фабрика жетекшілері мен облыс әкімдігі арасында жылдық жоспар түзілуі керектігін атап өтті. Бұл орайда, Асқар Исабекұлы мал жүнін жинауда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды пайдалану жолдарын қарастырудың тиімділігі зор екендігі тілге тиек етті. Соған сай алдағы уақытта елді мекендерден «Фабрика ПОШ-Тараз» жауапкершілік шектеулі серіктестігіне қажетті мал жүндерін жинаудың жүйесі әзірленбек. Айта кету керек, дәл осы мекеме қабырғасында «ТаразКожОбувь» жауапкершілік шектеулі серіктестігінде өндірілген былғары аяқ киімдердің таныстырылымы ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, облыс әкімі «Шахристан» базарының орнында,
«МАРТ» сауда үйінің құрылыс алаңында және №4-ші өзбек орта мектебінің ғимаратында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын көзбен көрді. Тараз қаласының бас жоспарына сәйкес, «Шахристан» базарының аумағындағы жер телімдері толығымен мемлекет меншігіне қайтарылған. Болашақта мұнда «Оқушылар сарайы» бой көтермек. Ал, құрылысы осыдан 3 жыл бұрын басталған «MART» сауда үйі ағымдағы жылдан бастап қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуді бастайды. Сондай-ақ, өңір басшысының назарына №4 өзбек мектебінің ғимаратында облыстық ІТ лицейін ашу жобасы ұсынылды. ІТ лицейін ашу үшін жергілікті бюджеттен 609 миллион теңге қарастырылады. Қазіргі таңда онда білім алатын 157 оқушы №33 орта мектепке ауыстырылмақ. Өзбек мектебін жауып оның базасында ІТ лицейін ашу бастамасының көтеріліуіне оқу ордасындағы білім сапасының жыл санап төмендеп келе жатқандығы мен оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысудан жаппай бас тартуы да себеп болып отыр.
Облыс әкімі А.Мырзахметов Тараз қаласын аралау сәтінде
облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы мен «Кәсіпкерлер үйінің» жұмысымен танысты. Бүгінде облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының қызметін 40 бала тұтынады. Тағы 20 бала орталық қызметіне жүгінуге кезекте тұр. Әзірге облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының ғимаратын паналап отырған орталық жеке ғимаратты қажет етеді.
Таяуда ғана пайдалануға берілген «Кәсіпкерлер үйінде» өңір басшысы жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтармен тілдесіп, олардың көкейкесті мәселелеріне құлақ салды. Облыс әкімі мекеменің азаматтарға қызметті мейлінше бір терезе қағидасы бойынша жедел әрі сапалы қызмет көрсетуі және қағазбастылықтан арылуы қажеттігіне баса назар аударды. Алдағы уақытта «Кәсіпкерлер үйі» облыстағы кәсіпкерлер мен инвесторларға қажетті толыққанды мәлімет ұсынатын деректер базасын құру мен қызметіне жүгінген бизнес өкілдерімен тұрақты байланыс орнатуды өз жұмысының негізгі бағыты етеді.
Облыстық ауруханада болған Асқар Исабекұлы денсаулық сақтау мекемесіндегі инсульт бөлімінің талапқа сай еместігін тілге тиек етіп, мәселенің шешімі табу жолдарын қарасатыратынын жеткізді.
Тараз қаласындағы 14 және 15-шағын ауданның құрылыс жоспарымен танысқан облыс әкімі онда салынатын көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтер бағасын қолжетімді ету мақсатында олардың бірінші қабатын коммерциялық мақсатта пайдалануды ұсынды. Атап айтсақ, оларды дүкендер мен дәріханалар, сауда үйлерінің еншісіне беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, өңір басшысы мүдделі мекемелердің басшыларына облыс орталығындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақты қайта жаңғырту жұмыстарын талапқа сай жүргізуді міндеттеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.