• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Көне Тараз – Астана» этнографиялық керуені Елордаға келеді

turan_admin turan_admin
24.07.2017, 18:13
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары, Табысты әйелдер
«Көне Тараз – Астана» этнографиялық керуені Елордаға келеді
315
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Көне Тараз – Астана» этнографиялық керуені Елордаға келеді

Орталық коммуникациялар қызметінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында биылғы жылдың 26-30 шілде аралығында өтетін Жамбыл облысының Астанадағы күндеріне арналған баспасөз конференция өтті. Баспасөз конференциясына облыс әкімінің орынбасары Ерқанат МАНЖУОВ, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан НҰРЖІГІТОВ және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенали БЫҚЫБАЕВ қатысты.
Өңірімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау барысында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Соның бірі ─ 2017 жылғы 20 мамырда «Көне Тараздан» салтанатты түрде жөнелтілген «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің рухани орталығы болған Ежелгі Тараздың тарихымен таныстыру мақсатында Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы 10 елдімекенге аялдады. Әр жерде киіз үйлер тігіліп, үлкен сахналарда түрлі-түрлі шаралар ұйымдастырылды. Екі айлық жол жүрген керуен 26 шілдеде Астана қаласына ат басын тірейді. Керуенді қарсы алу шаралары «Ханшатыр» ойын сауық орталығының «Ғашықтар саябағында» өтеді, — деп Ерқанат Манжуов керуеннің ерекшеліктерін атап өтті.
Д.Бықыбаевтың сөзінше, облыс күндерінің ашылу салтанатына орай ЭКСПО аумағындағы «Амфитеатрда» облыстық филармонияның «Әуені әсем Әулие ата!» атты мерекелік концерті қойылады. Атап айтқанда, бес күн бойы бекітілген кестеге сәйкес «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы Ғашықтар саябағында облыстық филармонияның, облыстағы жоғарғы оқу орындарының, аудандар мен Тараз қаласы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар, ұлттық салт-дәстүр көріністерінің қойылымдары көрсетіледі). Сонымен бірге облыстық филармонияның «Әулиеатадан ән шашу», облыстық қазақ драма театрының «Қыз Жібек» саунд-трегі, «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Ғасырлар әуені» атты концерті және елімізге танымал ақындар мен әншілердің бірлескен «Бір әуен, бір өлең» атты ән-жыр кеші өткізіледі. 30 шілдеде «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда «Жамбылым қандай тамаша!» атты шығармашылық концерт беріліп, Жамбыл облысы күндерінің жабылуына арналған облыс өнерпаздары мен Жамбыл өңірінен шыққан белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала концерт ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, 29-30 шілде күндері бас қаладағы «Қазанат» ипподромында қала тұрғындары мен қонақтарға ұлттық ат спорт түрлері көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату ойындарының көрсетілімдері ұйымдастырылып халық назарына ұсынылады. «Этноауыл» қалашығы маңында қазақ күресі, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, алаңдағы тоғызқұмалақ ойындарының көрсетілімімен қатар құсбегілік және тазы, төбет иттер көрмесі ұйымдастырылады. Алғаш рет командалық алаңдағы тоғызқұмалақ ойынының тұсаукесер рәсімі өткізіледі.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласындағы Жамбыл облысының күндеріне орай шілде айының 29-30 жұлдызында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтетін болады. Жалпы Астана қаласына Жамбыл облысынан 16,4 тонна азық-түлік өнімдерін жеткізу жоспарланған. Оның 3,4 мың тоннасы ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңкелері арқылы, шұжық пен сүт өнімдерін Астана нарығында тұрақты орналасқан жамбылдық тауарөндірушілердің ресми сауда өкілдері арқылы, ал, қалған 12,9 мың тонна өнім Астана қаласының сұранысына сәйкес қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта маусым-қыркүйек айларында Астана қаласында алты рет Жамбыл облысының көрме-жәрмеңкелерін өткізу белгіленген. Бүгінгі күні жоспарға сәйкес, 2017 жылдың 10-11 маусымы мен 1-2 шілдесінде Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешені аймағында екі рет Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңкесі өткізілді. Онда жалпы құны 286,8 млн. теңгені құрайтын 353,4 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен өткерілді. Мұндай ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі 2017 жылдың тамыз айының 19-20 және 26-27 жұлдызында, сондай-ақ, қыркүйек айының 9-10 жұлдызында өткізілетін болады, — деп қорытындылады ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов.

Тегтер: Астанадни культурыЖамбыл облысыэкспо
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.