Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, қажетті автотехникалық сараптамалар жүргізілгеннен кейін, алдағы бір ай ішінде іс материалдары сотқа жолданбақ. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы жағдай салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған болатын.
Тергеу барысында анықталғандай, көлікті басқарған әйелдің жүргізуші куәлігі түгілі, автомектепте оқығаны туралы құжаты да болмаған. Қазіргі уақытта күдікті үй қамағында отыр. Бұл істе тек көлік тізгініндегі әйел ғана емес, оған техниканы айдауға берген күйеуі де қатаң жауапкершілікке тартылмақ. Заң бойынша, тиісті құқығы жоқ адамға көлікті сеніп тапсырғаны үшін ер адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық істі жан-жақты тексеруді жалғастыруда.







