• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

turan_admin turan_admin
07.06.2021, 11:27
Аудан жаңалықтары, Қоғам, Облыс жаңалықтары
ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
172
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінде азаматтық қоғамды қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі үкіметтік емес ұйымдар екені белгілі. Соңғы жылдары аудан тұрғындарының азаматтық және әлеуметтік-саяси белсенділігі артып келеді. Мұның өзі әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдау, оларды жергілікті атқарушы органдармен бірге жүзеге асыру жұмыстарына оң ықпалын тигізуде.

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де өткен басқосуда күн тәртібіндегі: «Жаңа-Ру», «Асан-Көмек» қоғамдық бірлестіктерінің 2020 жылы атқарған жұмыстары және басқа да өзекті мәселелер жан-жақты қаралып, бірлестік өкілдерінің өтініш-тілектеріне назар аударылды.
Сондай-ақ кеңес отырысында үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетовтың есебі тыңдалды.

– Жамбыл ауданы бойынша 27 қоғамдық бірлестік, 8 қоғамдық қор және 1 заңды тұлғалар бірлестігі тіркелген. Оның ішінде 2 бірлестік жұмысын тоқтатса, 3-еуі уақытша жабылған. Тағы 2 ұйымның жеке сәйкестендіру номері анықталмаған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2020 жылға жоспарланған 11 әлеуметтік жобалар әлемді шарпыған індетке байланысты қаражаты кері қайтарылып, тек 50 млн 833 мың теңгеге 6 жоба жүзеге асқан.

Сонымен қатар «Ar-Rashid Ruhaniyat» қоғамдық бірлестігі ауылдық мешіттің жер төлесінен осал топтағы отбасыларына арналған әлеуметтік дүкен ашты. Жастардан құралған ұйым 2017 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларға ойыншықтар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер топтамасынын үлестіріп келеді.

«Аса аялы алақаны» қоғамдық қайырымдылық қоры өткен жылдың сәуір айында «Қайырымдылық жүрек – жомарт қол» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық акциясын өткізді Акция барысында аудандық орталық аурухананың балалар бөліміне 3 көпсалалы арба, 1 тірек-қимыл аппараты, 1 көпсалалы жетек арба мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы сыйлықтар табысталған. «Әкелер одағы» қоғамдық қоры тамыз айында Аса, Қаракемер және Құмтиын ауылдарындағы тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға 100 қап картоп таратса, «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі пандемияға байланысты 17000 маска тігіп, тұрғындарға тегін үлестірген. Ал ағымдығы жылы 45 млн 882 мың теңгеге 10 лот жоспарланып, бүгінде жеңімпаздар анықталып, өз істерін бастап кетті, – дейді Мадияр Әбілханұлы.

Жиынды қорытындылаған Олжас Елебекұлы азаматтық қоғам өкілдері тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлерді назарға алып, тың жобалар мен идеяларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
«Шұғыла».

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.