• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әйеліме айтпай екінші әйел алсам бола ма?

turan_admin turan_admin
06.11.2017, 21:46
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Әйеліме айтпай екінші әйел алсам бола ма?
535
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әйеліме айтпай екінші әйел алсам бола ма?

Отбасын құрып, ұрпақ сүйіп, ұрпақ көбейту – Ислам дінінде қасиетті де ардақты берекелі іс екені баршамызға мәлім. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер, Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын» — деп, қасиетті хадисінде үйленудің қаншалықты маңызды екенін біздерге жеткізген. Осы өсиетті орындаудың жолы шариғатта неке деп аталады. Қазіргі таңда екі адамның басы біріге кетсе айтатын әңгімелері екінші әйел алу мәселесі. Жақсы, бірақ мақсат не? Біздердің ата-бабаларымыз алған, оны тарих жоққа шығармайды. Жетімге қамқор, жесірге пана болам, қолдан келген жақсылығымды жасағым келеді деген ниетте болса, құба-құп. Исламда екі немесе одан да көп әйел алуға рұқсат етілген, оның да өз жолымен өз шарттары бар.
Жалпы жасырын некені жүзеге асыруға болмайды. Некенің шарты бойынша екі куәгер болса жеткілікті ғой, оның ата-анасынан сұрап, әйелімнен рұқсат сұрап, немесе елді жинап жария қылып не қыламыз деуіңіз мүмкін, әрине. Алайда көбінің: Неке шарттары қандай? Қандай жағдайда рұқсат етіледі? Екінші әйелді не мақсатта алып жатырмын? Алла разылығы үшін бе, әлде нәпсі құмарлық үшін бе, — деген сияқты сауалдарды өз-өздеріне қойып анық-қанығына жетуге дәті бара бермейді. Өкінішке орай, кей жастарымыз екінші әйелдікке жас қызды аламын деп өзінің отбасынан айырылып, әйелі жесір, балалары жетім қалып жатқан жайттары да бар. Яки, бұл жерде отбасы берекесі шайқалатындықтан, ислам мұндайды құптамайды.
Әһли сунна имамдары Ханафи мазхабының ғұламасы, Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мухаммад ,Имам Малик және Имам Шафиғидың (р.а) пікірі бойынша неке қиылу үшін қыздың әкесінің рұқсаты керек. Қыздың қамқоршысының (уали) хабарынсыз қиылған неке – мауқуф. Яғни, ата-анасы құптамайынша толыққанды ерлі-зайыпты атана алмайды деген сөз. Имам Мұхаммад: «Егер қыздың қамқоршысы оның рұқсатынсыз неке қиылғандығын білсе, некені бұза да алады, құптай да алады» деген. Қарап отырсақ, жасырынып қиылған неке әлсіз, жауапкершілігі төмен болады. Көптеген отбасында жасырын неке салдарынан қанша бала жетім? Қанша әйел жесір қалды? Қаншама қыз балалардың ары аяққа тапталып, ертеңгі күні шоқ басып, өмір бойы опық жеп қалуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда, осылай некелескен жігіттердің көбі өзінің жарын оңай талақ ете салуға даяр тұрады. Ғалымдарымыздың егер неке қидырушы куәгерлерге менің үйленгенімді ешкімге айтпаңдаршы, ешкім білмесін деп шарт қоятын болса, ол неке жарамсыз деген пікірлері бар. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шариғатқа қайшы үйлену мен шариғатқа сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе дабыл қағып, жария ету» деген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисін үлгі тұтқан дана халқымыз ата-анасының ақ батасын алып, шама-шарқына қарай дастарқан жайып, туған-туыстарды, көрші-қолаңды т.б шақырып, беташар той жасап үйленгендігін жария ету арқылы жүзеге асырған.
Екінші немесе үшінші әйел алу үшін де қойылатын негізгі шарттың бірі әділдік жасау. Яғни, екі әйелі бар адам екеуіне барлық жағынан теңдей қарауы тиіс. Үй-жай, мәселесінде, киім кешек мәселесінде, азық-түлік мәселесінде, күнделікті үйге жұмысалатын қаражатта және отбасыға көңіл бөлу мәселесінде де бөлмей-жармай теңдей қарауы тиіс. Алла тағала Құранда: «Егер әділетсіздік жасап қойудан қорықсаңдар, біреумен шектеліңдер» — деген.
Құрметті мұсылман бауырлар! Қыз бала Алланың біздерге берген аманаты екенін ұмытпауымыз керек. Ол да біреудің аялап өсірген қызы, оның да ата-анасы бар. Ата-ана өзінің қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген қызының адал жарын көргісі келеді, бақытты, баянды өмір сүргендерін қалайды. Соның үшін, әйелдерімізден, ата-аналарымыздан т.б. адамзат балаларынан жасырынып қиылған неке тек нәпсәнің қалауы ғана. Шынайы мұсылман қыз ата-анасының алдынан өтіп, ризалығын алып барып неке қидырады. Себебі, ата-ана разы болмайынша, ол кісілердің батасын алмайынша ұрпағы жаннатқа кіре алмайды.
Ата-ананың разылығы Алланың разылығы екенін ұмытпайық, ағайын.

Аят АЛМАХАНОВ,
Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.