• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ит қапқан бала көз жұмды»: Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

turan_admin turan_admin
24.04.2022, 10:29
Қазақстан жаңалықтары
«Ит қапқан бала көз жұмды»: Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
400
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Түркістан облысында ит қапқан бала бір жылдан кейін қайтыс болды. Құтыру ауруынан көз жұмды деген Жұмағұл Ақылбек ауыл балаларымен футбол ойнауға әуес болған. Р. Қошқарбаев атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекжан Юсупов оның спортқа жақын болғанын айтты.

Қазақстандық басылымдарда «Бала ит қапқаннан қайтыс болды», «Ит қауып, уақтылы емделмеген жасөспірім қайтыс болды» деген дерек таралған еді. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісі біліп қайтты.

 

«Ит қапқан бала көз жұмды»: Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: Orda.kz

Ынтымақ – нағыз дихандардың ауылы. Ынтымақ ауылындағы Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекжан Юсупов Ақылбек Жұмағұлдың туысы.

– Ақылбек өте зерек, спортқа жақын бала болды. Өткен жылы әкесі екеуі келе жатып, ит қауіп алған, қазақшылыққа салып елемеген. Ал, енді 1 жылдан кейін ит қауып алған деп, құтырған деп шығарған. Оған күмәніміз бар. 2 күн ішінде кетті де қалды. Ойнап күліп жүрген бала, 2 күнде көз жұмды, – деді Бекжан Юсупов.

Қайғылы жағдай туралы марқұмның әкесі Орынбасар Жұмағұлұлы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

– Ақылбектің бейсенбі күні (07.04.2022 ж) кешқұрым аяғы ауырды, сосын аяғын спиртпен сыладым. Сол күні демалды. Таңертең «аяғың қойды ма?» деп сұрадым. Сәл ауырып тұр деді. Сосын жергілікті медпунктке апардым, анализдерін алды, – деп еске алды әкесі.

Орынбасар Жұмағұлұлы баласының ауырсыну себебін бір апта бұрын мал баққан ауылда аттан құлап, бір жерін ауыртып алды деп ойлағанын айтады.

– Сенбі күні таңертең сынықшыға апардым. Ат мінген ғой енді. Сынықшы: Баланның еш жері сынбаған, шықпаған деді. Сөйтіп өзіміздің Қызыләскердегі орталық ауруханаға алып келдім. Анализ алды. Сонан соң ішкі құрылысын рентгенге түсірді. Анализдің нәтижесін түсіріп алуды сұрады.
Бүйрегіне сәл зақым келгенін айтты. Үйге келді. Балам ауа жетпей жатқанын айтты. Қорыққанымыздан жедел жәрдем шақыртып, аудандағы ауруханаға апардық. Жедел жәрдемнің фельдшері жолда бір-екі тыныштандыратын дәрі салды. Баламды жансақтау бөліміне кіргізгеннен кейін қайта көрмедім, – деді Ақылбектің әкесі Орынбасар.

«Ит қапқан бала көз жұмды»: Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: Orda.kz

Ақылбектің анасы ұлын қапқан ит көршісіне де шабуылдағанын айтып, оның дені сау екенін жеткізді.

– Дәрігерлер келген кезде баланы құтырған ит қапқан болса, ит кемінде он күннің ішінде өліп қалатынын айтты. Он күн емес, менің баламды қапқаннан кейін алты айдан соң, көршіні қапқан. Ол көршім сау жүр, иттің қаншығы да әлі тірі ғой, – дейді Карима Райымова.

Ақылбектің жақын туысы Жандарбек Мұратов отбасының талап-тілегін айтып берді.

«Ит қапқан бала көз жұмды»: Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
Жандарбек Мұратов

– Біз құтырған дегенмен келіспейміз. Жеті сағаттың ішінде оның ауруын анықтай алмай, анасының бір жарым жыл бұрын ит тістеді деген сөзіне «бешенство» деп баланы он сегіз сағаттың ішінде матаға орап беріп жіберді. Түрін де көрсетпеді. Олар маған қандай ем-дом жасап жатқанын айтпады. Сараптама жасап анықтайық дегенге келіспедік, – деді ол.

Орынбасар мен Карима төрт бала өсіріп отырған. Марқұмның ата-анасы есік алдында жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген диқандар. Осы мәселе бойынша өкпе қабынуының неден болғаны бәрімізге бәймәлім болып қала беретін секілді.

Исламбек Дастан

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.