• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.09.2026, 02:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Инвесторлардың мүдделері ескерілетін болады» – Ә. Смайылов шетелдік компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

turan_admin turan_admin
29.06.2022, 18:33
Қазақстан жаңалықтары
«Инвесторлардың мүдделері ескерілетін болады» – Ә. Смайылов шетелдік компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
103
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Astana Finance Days 2022 конференциясының «Энергетикалық және азық-түлік орнықтылығына  инвестициялар. Қазақстандық кейс» панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Жоғары Кеңес төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Condor Petroleum Inc. компаниясының басқарушы директоры Норман Сторм, Çalık Holding-тің Қазақстандағы аймақтық директоры Кенан Аккирман және т.б. қатысты.

Әлихан Смайылов өз сөзінде көмірсутектер мен азық-түліктің әлемдік нарықтағы бағасы тарихи ең жоғары деңгейге жеткенін, бұл көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететінін атап өтті.

«Осыны түсіне отырып, біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл қолға алынған саяси реформалардың дер кезінде жүргізіліп жатқанын бағалай аламыз. Сайып келгенде, бұл реформалар мемлекеттегі терең экономикалық өзгерістерге алып келеді», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Үкімет басшысы Қазақстан мықты саяси және экономикалық базаға ие бола отырып, ЕАЭО мен Қытайды қамтитын көлемі 1 млрд-тан астам әлеуетті тұтынушысы бар ірі әлемдік нарықтарға шығатын «қақпа» екенін және Орталық Азиядағы транзиттік хаб болып саналатынын атап өтті.

Тәуелсіздік жылдары елімізге $390 млрд тікелей шетелдік инвестиция  тартылды, оның басым бөлігі соңғы 10 жылда салынған.

Мәселен, 2021 жылы инвестициялардың жалпы ағыны $24 млрд-ты құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 38%-ға артық. Бұл ретте мұнай және газ саласына салынған салымдар небары 28%-ды ғана құраса, 2018-2019 жылдары олардың үлесі 50%-ға тең болды.

«Бұл ел экономикасын әртараптандыру белсенді жүріп жатқанын көрсетеді. Шикізат тауарлары бағасына  қатысты жаһандық бетбұрысты назарға ала отырып, энергетикадағы және ауыл шаруашылығындағы мүмкіндіктерімізді көбірек зерделеуіміз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, елеулі табиғи қорлары бар еліміз әлемдік тауар нарықтарының маңызды жеткізушісіне айналады. Сонымен қатар Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы бойынша әлемде 6-шы орында.

«Жоғары қайта өңделген өнімдер шығаруға инвестициялар тарту үшін екі сектордың да басымдығы жоғары. Осыған байланысты Үкімет Қазақстанға келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасап, кешенді қолдау көрсетеді», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жеңілдетілген инвестициялық режим көзделген 13 арнайы экономикалық және 36 индустриялық аймақ бар.

Бұдан басқа, жалпы ағылшын құқығы режимі есебінен бүкіл әлемнен инвесторларды тарту орны болып саналатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеп тұр.

«Үкімет шетелдік инвесторларды келісімшарттар жасасуға және жаңа жобаларды іске асыруға шақырады. Біз инвесторлардың мүдделерінің барынша ескерілетініне кепілдік береміз», — деді түйіндеді Әлихан Смайылов.

Анықтама: 27-29 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығы тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік және өсу мәселелеріне арналған «Astana Finance Days» V конференциясын өткізуде.

Astana Finance Days – өңірдегі қаржы саласындағы ең ірі конференциялардың бірі. Соңғы төрт жыл ішінде конференцияға 100-ден астам елден 15000-нан астам қатысушы келді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21
Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54
Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.