• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ІІМ-де қылмыспен күрес жолдары айтылды

turan_admin turan_admin
15.07.2022, 11:44
Қазақстан жаңалықтары
ІІМ-де қылмыспен күрес жолдары айтылды
115
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ішкі істер министрлігінде алты айдың жұмысы қорытындыланған алқа отырысы өтті. Алғаш рет ашық форматта ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Қанат Сейдғапбаров, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, Бас прокурорының міндетін атқарушы Тимур Тәшімбаев және ведомствоның қоғамдық кеңес мүшелері, қызмет басшылары қатысты.

Бұл туралы Polisia.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

Сондай-ақ аймақтық құрылымдардың және министрлікке қарасты оқу орындарының қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары мен өңірлік прокуратура өкілдері онлайн қосылды.

Полицияға құқық бұзушылықтың профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша тікелей міндеттер жүктелген. Елімізде тіркелген барлық қылмыстың 96%-ын тергейді. Әкімшілік құқық бұзушылықтың 97%-ның жолын кеседі. Бірақ министрліктің қызметі тек осы салалармен ғана шектелмейді, – деді министр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарына жүктеген тапсырмаларына тоқтаған Марат Ахметжанов елдегі қылмыстық ахуал туралы да айтты. Өткен жылмен салыстырғанда биыл алты айда қарақшылық 25%-ға, зорлау 11%-ға, бопсалау 12%-ға, мал ұрлығы 23%-ға азайған. Есесіне ұрлық пен тонау көбейген, деді министр. Оған«қаңтар оқиғасының»әсері де бар. Ұрлықтың ең жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында.

Марат Ахметжанов мал ұрлығына тоқталды. Бұл – Президент назар аударған, ауыл халқы үшін өзекті мәселе.

Жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден астам, Ақмола мен Жамбыл облыстарында 500-ден астам, ал Түркістан облысында 400-ге жуық мал ұрланған. Тек Павлодар облысында ғана биыл мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 170-ге жуық ірі қара ұрлап, ауыл адамдарына миллиондаған шығын келтірген, – деді Марат Ахметжанов.

Қолды болған малдың 70%-ы қараусыз қалған. Бұл – жол қозғалысына қауіп, қылмыскер үшін оңай олжа. Сондықтан жергілікті әкімдіктермен учаскелік полицейлер тығыз жұмыс істеуі керек, деді Марат Ахметжанов.

Қазір бейнебайланыс арқылы облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысып отыр. Сіздерге айтарым! Бұл мәселеде ортақ жауапкершілік болу керек. Өңірде болып жатқан барлық мәселер сіздерге де қатысты. Мал ұрлығынан зардап шегіп жатқан сіздердің өңірдегі тұрғындар! Азаматтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау керек. Жұмыс тек қылмыстардың салдарымен күресумен шектелмеу керек, – деп атап өтті министр.

Министрлік есірткі қылмысымен күресте де ауқымды жұмыстар атқаруда. Биыл 3,5 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Үш тоннадан астам есірткі тәркіленді. 84 келісі «синтетика», 21 есірткі зертханасы жойылып, үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қылмыспен күресіп қана қоймай, қауіпсіздікке жауапты екенін баса айтқан болатын. Тәртіп сақшысы халыққа жақын, ісіне адал болуы керек.Осы орайда министр мемлекет басшысының келісімімен ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қоғам өкілдерімен бірге қамтамасыз ету тұжырымдамасын қолға алды. Ол озық тәжірибеге негізделген. Халық сұранысына сай шетелдік әдістер де ескеріледі Концепция уәкілетті органдар арасында байланысты арттыру, заңбұзушылықты жойып, сервисті жұмысты күшейтуді көздейді. Негізгі бағыт – құқық бұзушылықтың тиімді профилактикасы.

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық туралы 70 мың хабарлама түсті. 43 мың жағдайда шақырушы арыз беруден бас тартқан. Бірі жәбірлеушісімен татуласса, енді бірі қайталанатын қоқан лоққыдан қорқады. Бұл жерде тәртіп сақшысының өкілеттігі шектеулі. Арыз болмаса, заң бұзушы жауапқа тартылмайды. Сондықтан қоғамда тұрмыста зомбылық көрсеткендерді қылмыстық жауапқа тарту керек деген ұсыныс та көбейді.

Министр тұрмыстық қылмысқа қатысты заңнамаға түзету енгізіп, әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтып, ескерту орнына қоғамдық жұмысқа тарту керектігін айтты. Арыз қабылданған соң тараптарға татуласуға бір ғана мүмкіндік беріледі, онда да сот алдында. Бұл түзетулер әбден пысықталып, мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді. Алқа отырысында жол ережесін бұзғандарды анықтайтын «Қорғау» бағдарламасының жұмыс қорытындысы жарияланды.«Қорғау» қосымшасы еліміздің бес қаласында іске қосылған. Оның көмегімен Шымкентте 130 миллион теңгеге айыппұл салынған 1400 көлік анықталды. Нәтижесінде жол бойындағы апат пен өлім үш есе, жарақат алу жағдайлары екі жарым есе азайды.

Сондай-ақ «Қорғау» бағдарламасы арқылы «жалған» нөмір пайдаланған 266 жүргізуші ұсталды. Жол ережесін бұзып, жауаптан қашатындар жалған нөмірді тағуды жиілеткен. Ішкі істер министрлігі олардың жазасын күшейту үшін бір жыл жүргізуші құқығынан айырып, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды ұсынды.

Ашық форматта өткен алқалы жиында министр ішкі істер органдарын цифрландыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сондай-ақ елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына да тоқталды.

Өңірдегі полиция департаменттерінің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, негізгі міндеттерді еске салды. Басты талап – ашықтық пен халыққа жақын болу.

Дереккөз-baq.kz: https://baq.kz/iim-de-qylmyspen-kures-zholdary-aytyldy-283104/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.