• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
26.11.2026, 01:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Хантау тұрғындары таза сумен қамтылды

Таза сумен жабдықтау және су тарату құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
22.06.2026, 13:50
Облыс жаңалықтары
Хантау тұрғындары таза сумен қамтылды
37
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мойынқұм ауданының Хантау ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба – таза сумен жабдықтау және су тарату құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл нысан ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы зор жобалардың бірі болып саналады.

Салтанатты іс-шараға Мойынқұм ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әлібек Нұрадинов, ауылдың ақсақалдары мен ардагерлері, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында сөз сөйлеген аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әлібек Нұрадинов Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында аудан көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол жаңа нысанның пайдалануға берілуі Хантау ауылының әлеуметтік дамуына тың серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға зор үлес қосатынын жеткізді.

Жобаның жалпы құны 533 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде 900-ге жуық тұрғыны бар Хантау ауылы орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың көптен күткен мәселесінің бірі өз шешімін тапты.

Салтанатты рәсім барысында ауыл ақсақалы Болат Қуанышбаев ақ батасын беріп, игі бастамаға өзінің ізгі тілегін білдірді. Одан кейін құрметті қонақтар мен ауыл тұрғындарының қатысуымен нысанның лентасы салтанатты түрде қиылып, арнайы тетік іске қосылып, су тарату жүйесі ресми түрде пайдалануға берілді.

Жаңа су жүйесінің іске қосылуы тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіп қана қоймай, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына, халықтың әл-ауқатының артуына және ауылдың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететін болады.

Ауыл халқы бұл маңызды жобаның жүзеге асуына ризашылықтарын білдіріп, жаңа нысанның ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет етуіне тілектестік танытты.

Хантау ауылында пайдалануға берілген бұл әлеуметтік маңызы бар нысан – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесі. Таза су – денсаулықтың, берекенің және ауылдың тұрақты дамуының кепілі.

Материал «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша әзірленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.