• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен дарынды жастар мен шығармашылық орта өкілдерінің бастамаларын ілгерілетуге және олардың әлеуетін дамытуға айрықша көңіл бөлінеді.

07.06.2026
0
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 

Жас таланттарды ынталандыратын беделді марапаттардың бірі –  ғылымда, өнерде және спортта жетістіктері бар жастарға берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Бүгінде аталған сыйлықтың лауреаттары саны 380 адамға жетті. Сыйлық иегерлеріне лауреат атағымен бірге, арнайы диплом, төсбелгі және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2021 жылдан бері жыл сайын 3 миллион теңге көлеміндегі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі. Грант жас қазақстандықтардың тың идеялары мен бастамаларын қолдауға бағытталған. Осы уақытқа дейін 153 жас аталған грантқа ие болды.

Мәдениет пен өнерге еңбек сіңіріп жүрген азаматтар да мемлекеттік қолдаудан тыс қалған емес. Жыл сайын мәдениет саласының 75 өкіліне мемлекеттік стипендия тағайындалады. Биылдан бастап стипендия көлемі екі есеге ұлғайтылып, 5 миллион теңгеге жетті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген өнерпаздарға «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеуде. Жоспарға сәйкес,  музыка, театр, хореография мен балет, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, сондай-ақ кино және анимация салалары бойынша сыйлық иегерлерін арнайы сараптама комиссиясы айқындайды.

Қоғамда дарынды жастардың халықаралық деңгейде танылуына да ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық студенттер, магистранттар, оқытушылар мен мәдениет саласының қызметкерлері «Болашақ», Erasmus+, DAAD, Fulbright, Chevening және өзге де бағдарламалар арқылы білім алып, тағылымдамадан өте алады.

Бүгінде «Креативті индустрия, шығармашылық және өнер» бағыты бойынша «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Royal Conservatoire of Scotland, University of Reading, Stanford University және New York Film Academy секілді жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

Сонымен қатар бірқатар беделді халықаралық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарына гранттар беріліп, шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындарына конкурссыз түсу мүмкіндігі қарастырылған. Оған музыка, вокал, балет, хореография және орындаушылық өнер салаларындағы халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары қатыса алады.

Дарынды жастарды қолдау тек мемлекеттік бағдарламалармен ғана шектелмейді. Бұл бағытта шығармашылық мектептер, фестивальдер, байқаулар, білім беру жобалары, қоғамдық және қайырымдылық қорлар да белсенді түрде жұмыс атқарып жатыр. Соның жарқын мысалдарының бірі – 2024 жылы құрылған BIRLIK көпұлтты ән-би ансамблі. Іріктеу қорытындысы бойынша ансамбль құрамына Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінен құралған 20 үздік биші мен музыкант қабылданды.

Жас таланттарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда Креативті индустрияларды дамыту қорының да рөлі ерекше. Қор дарынды жастарды анықтауға және қолдауға, инвестиция тартуға, салалық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығаруға күш салып келеді.

Айта кетейік, жыл сайын шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындарында білім алуға 1000-нан астам, ал колледждерде оқуға 500-ден астам грант бөлінеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты