Дүниежүзілік сүйек кемігі донорлар күні бүкіл әлемде қыркүйектің әр үшінші сенбісінде атап өтіледі, 2026 жылы бұл күн 18 қыркүйекте атап өтуіжоспарлануда.
- Іс-шара барлық континенттердегі 55-тен астам елде атап өтіледі.
- Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні 2014 жылдан бері аталып келеді.
Сүйек кемігі — ағзаның ерекше ұлпасы, оның негізгі қызметі гемопоэз – жаңа қан жасушаларын құру. Ересек адамдарда сүйек кемігінде жетілмеген дің жасушаларының ең көп саны болады.Ішкі орта факторларының әсерінен қанның дің жасушалары кез-келген гемопоэз өсіндісіне айналуы мүмкін, яғни иммунитет жасушаларына, эритроциттерге немесе тромбоциттерге айналуы мүмкін.
Бүгінгі күні Гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау 70 тен астам түрлі ауруларды емдеудің ықтимал құтқарушысы болуы мүмкін.Жыл сайын орта есеппен Қазақстан Республикасында 1200 пациентке лейкемия және басқа да қан аурулары диагнозы қойылады. Донорды пациенттің жанұясынан табуға болады — және бұл Қазақстандағы трансплантациялардың басым көпшілігін құрайды. Бірақ қалған уақытта сәтті трансплантациялау үшін туыс емес донор қажет.
Трансплантация кімге керек?
- қан жасушаларының өндірісіне әсер ететін қатерлі ісік (лейкемия және лимфома).
- ауыр қан аурулары (талассемия, апластикалық анемия немесе орақ жасушалы анемия, Фанкони анемиясы және т.б.).
- иммун тапшылығы аурулары (ауыр аралас иммун тапшылығы синдромы, туа біткен нейтропения немесе созылмалы гранулематозды ауру және т.б.).
Жамбыл облысында қан аурулары бойынша 72 бала диспансерлік есепте тұр, оның ішінде 7 бала – апластикалық анемиямен, 65 бала – лейкозбен ауырады. Лейкозбен ауыратын балалардың 12-сі демеуші терапияда.
Тіркелім — трансплантацияға мұқтаж пациенттерге ерікті және өтеусіз негізде көмек көрсетуге дайын гемопоэздік дің жасушалары (ГДЖ) әлеуетті донорлары туралы деректерді қамтитын ақпараттық платформа. Бұл тіркелім 2012 жылы ашылған болатын. Әлеуетті донорлардың жалпы саны — 15 500 адам. 2018 жылдан бастап 23 туыс емес аллогендік трансплантация жүргізілді, оның 18-і қазақстандық пациенттер үшін, 4-і Ресей пациенттер үшін, 1-і Италияның пациенті үшін.
Егер бастапқыда туыстық донорлар жоқ болса немесе туыстардың ешқайсысы сәйкес келмесе — тұқымдастыққа қатысы жоқ донорды іздеу басталады. Донор мен реципиенттің HLA-фенотиптері мүмкіндігінше толық сәйкес болуы керек. HLA жүйесі — адамның лейкоцит антигендерінің жүйесі. Туыстық қатынасы жоқ екі адамның генотиптерінің сәйкес келу ықтималдығы 1:10 000-нан 1:1 000 000—ға дейін. Сондықтан сүйек кемігі мен гемопоэтикалық бағаналы жасушаларға лайықты донорды табу ұзақ уақытты талап етеді.
Гемопоэздік дің жасушаларын жинау әдістері: Аппараттық цитаферез
- Донор препаратпен 5 күн бойы ынталандырылады
- Процедура 4-5 сағатты алады — қан бір қолдағы тамырдан алынып, ол жасушаларды жинайтын аппарат арқылы өтіп, екінші қолдағы тамырға оралады.
- Сүйек кемігінің жасушаларын қалпына келу уақыты — 2 апта
- Донор ауруханада 6 күн болады.
Сүйек кемігінің әлеуетті доноры кім бола алады?
- Кез келген сау адам
- 18 жастан 45 жасқа дейін
- салмағы 50 кг-нан жоғары
- созылмалы және жұқпалы аурулары жоқ
Сүйек кемігі донорлығына қарсы көрсетілімдер:
- Онкологиялық аурулар
- В және С гепатиттері
- Стенокардия, миокард инфарктісін бастан өткеру
- Туберкулез
- Аутоиммундық аурулар
Сүйек кемігі донорларының Тіркеліміне қалай кіруге болады?
- Жақын қан орталығына жүгіну;
- Сауалнаманы толтыру (ақпараттандырылған келісім);
- Типтеу талдауын жүргізу үшін тамырдан 1 пробирка (6-9 мл) қан тапсыру;
- Донор сүйек кемігі донорларының тіркелімінің дерекқорында болады, егер донор мен пациент арасындағы фенотиптер сәйкес келсе, тіркелім міндетті түрде донормен байланысады!
Бүгінгі таңда Халықаралық сүйек кемігі донорлары ассоциациясына (WMDA) 40 миллионнан астам әлеуетті донор тіркелген, және жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 2 миллион адамға артып отырады.
Жамбыл облыстық қан орталығы соңғы 11 жыл бойы регистрді толықтыруға белсенді қатысып келеді. Жалпы 1201 талдау үлгілері регистрге жіберілді.






