• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Гүлнәр Бажкенованың адвокатын лицензиясынан айырмақ: Алғашқы отырыс дауға ұласты

12 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында адвокат Мұрат Адамды адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айыру туралы әділет министрлігі ұсынған талап-арыз бойынша сот отырысы басталды

turan_admin turan_admin
13.01.2026, 09:06
Қазақстан жаңалықтары, Қоғам, Саясат
Гүлнәр Бажкенованың адвокатын лицензиясынан айырмақ: Алғашқы отырыс дауға ұласты
52
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұған дейін адвокат сот отырысы 14 қаңтарға белгіленгенін хабарлаған еді, алайда істі қарау мерзімі кейіннен 12 қаңтарға ауыстырылды. Мұрат Адам қозғалған істі Orda.kz басылымының негізін қалаушы және теңқұрылтайшы Гүлнәр Бажкенованы қорғауымен байланыстырды.

Сот отырысы басталар алдында сот ғимаратының алдына Мұрат Адамды қолдауға жиырмадан астам адвокат жиналды. Істі судья Дәурен Түйебаев жүргізуде.

Судья Дәурен Түйебаев журналистер мен тыңдауға келгендерді  сот отырысы залынан шығарып, оларды процесс онлайн форматта көрсетілетін бөлек залға кіргізуді тапсырды. Өз шешімін ол соттың негізгі залы тым кішкентай болғандықтан, барлық қатысушыларды сыйдыра алмайтынымен түсіндірді.

Сондай ақ сот отырысы ашық болғанымен, сот залында фото-видео түсіруге тыйым салынды.

Мұрат Адамның қорғаушылары бұған қарсы шығып, тек сыймағандар басқа залға өтсін деп ұсыныс жасады. Алайда судья «Мен бәрін шешіп қойдым» деп кесіп айтты.

Сонымен қатар, қорғаушы тарап онлайн форматта сот отырысына жеке қатыса алмаған адвокаттарды қосу туралы өтініш білдірді. Сот төрағасы Дәурен Түймебаев техникалық себептерге сүйене отырып, бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Келесі талап-арыз Гүлнәр Бажкенованы сотқа тарту жайлы болды.

«Бажкенованы үшінші тұлға ретінде сотқа тартуды сұраймын, өйткені оның қатысуынсыз сот толық болмайды. Материалдар оған қатысты болғандықтан, оның жауабынсыз сот толық өтті деп есептелмейді», — деді адвокат Лейла Рамазанова.

Адвокат Анар Құсайынова, азаматтық іс жүргізу кодексі нормаларына сәйкес Гүлнәр Бажкенова жауапкер тарабы бойынша үшінші тұлға ретінде іске тартылуы тиіс екенін атап өтті.

«Оның адвокат Мұрат Адаммен жасалған шарты бар және ол бүгінгі күні де қылмыстық іс аясында оны қорғауды жалғастырып отыр. Ал егер гипотетикалық түрде сот осы талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарса, онда ол іс жүзінде өз қорғаушысынан айырылады, түсінесіз бе? Тиісінше, бұл — қорғану құқығын өрескел түрде бұзу», —деді адвокаты Анар Құсайынова.

Қорғаушылар әділет министрлігінің сотқа талапты асығыс жолдағанын, құжаттарда заңға қайшы кемшіліктер барын атап өтті. Талапта мөр болмаған, оған қол қойған тұлғалардың өкілеттігі дұрыс расталмаған, сенімхат нөмірлері сәйкес келмейді. Сонымен қатар, іс материалдарында адвокатты лицензиясынан айыру үшін міндетті болатын аумақтық әділет органының ұсынысы бастапқыда болмаған. Осы негіздермен адвокаттар талапты қараусыз қалдыруды сұрады, алайда сот өтінішті қабылдамады.

Судья қорғау тарабының уәждерін негізді деп танып, келесі отырысқа дейін барлық қажетті материалдарды ұсынуды міндеттеді.

Келесі сот отырысы 13-қаңтар күні сағат 15:00 жалғасады.

Еске салсақ, адвокат Мұрат Адам лицензиясынан айырылу қаупі бар екенін өзінің Facebook парақшасында жазған. Адвокаттың айтуынша, арыз әділет министрлігі тарапынан ішкі істер министрлігінің ұсынысы негізінде берілген және ол Гүлнәр Бажкенованы қорғауымен байланысты.

«Мені адвокаттық лицензиямнан айырмақ. Бүгін маған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы талап-арызы табысталды. Бұл талап-арыз ІІМ-нің ұсынуы негізінде, менің қорғауымдағы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты берілген» деп жазды Мұрат Адам.

Сондай ақ, алғашында сот отырысы бастапқыда белгіленген 14 қаңтар сағат 11:30-дан — 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 14:30-ға ауыстырылды.

«Бұл менің наразылығымды тудырды. Енді Астана қаласынан және басқа өңірлерден келген әріптес адвокаттарым сот процесіне онлайн форматта қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр» деп жазды Мұрат Адам.

Тегтер: Murat Adam
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.