• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еріктілер – қоғамның қозғаушы қуаты

turan_admin turan_admin
29.07.2019, 11:35
Облыс жаңалықтары
Еріктілер – қоғамның қозғаушы қуаты
708
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Азаматтық қоғамның алға дамуына әсер ететін бірегей күштің бірі – еріктілер. Жуырда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында қоғамдық жұмысқа араласқысы келген ерікті студенттерге арналған сайт 1 қыркүйектен бастап іске қосылатынын хабарлады. Яғни, аталмыш сайтқа тіркелген әрбір білімгер өзінің белсенді еріктілік қызметін ұсынып, нәтижесінде оқу ақысын төлеуге мүмкіндік алмақ. Бұл еріктілердің ауқымды бөлігін құрайтын студент жастарды ынталандырудың тиімді тәсілі болары сөзсіз, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

– «Волонтерлікпен айналысқысы келген әрбір жас 1 қыркүйектен бастап іске қосылатын сайтқа тіркеліп, қызмет саласын (жетім балаларға, мүгедек балаларға көмектесу, қандай да бір қайырымдылық ұйымдарына қатысу) таңдағаннан кейін ваучер алады. Олардың осы ваучермен оқу ақысын төлеуге мүмкіндіктері бар», – деді вице-министр.

Әуелден еріктілер қоғамға жасаған игіліктері үшін материалдық өтемақы талап етпейтін жандардың шоғыры болып табылады. Қазақстанда нәтижелі жұмыстар атқарып келе жатқан еріктілердің белсенділігін түрлі оқиғалар орын алғанда жіті аңғарамыз. Мысалы көпшілік туыстарынан көз жазып қалғанда, қайырымдылық шарасын ұйымдастырғанда, тіпті оқыс оқиға орын алған сәттерде ең бірінші болып еріктілерге жүгінеді. Себебі олар қоғамға пайдалы болуды борыш санайды. Дегенмен олардың жасаған еңбектері елеусіз қалмақ емес.

Өз кезегінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев аталған жобаның жаңа оқу жылынан басталатынын айтты.
– «Бұл жоба 1 қыркүйектен басталады. Жекеменшік, мемлекеттік университетте білім алып жатқан әрбір студент бұл жобаға қатысуға құқығы бар. Аталған сайтта өзіне ерікті тапқысы келген ұйымдар, сонымен қатар бағдарламаға қатысуға ниетті ерікті студенттер тіркеле алады. Еріктілер таңдауына ваучердің екі кредитті және бес кредитті екі түрі ұсынылады. Ерікті екі кредитті ваучерге 20 мың теңге алып, тиісті бағдарламаны орындайды. 5 кредитті бағдарлама бойынша екі кредитке қарағанда көбірек жұмыс істеуге тура келеді», – деді ол. Оның атап өтуінше, сайтта бес санат болып, оған әрбір ерікті студент тіркеледі. Жалпы, бұл бағдарламамен 50 мың студентті қамту жоспарланған.

Қазақстанда 2017 жылдан бері «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың мұрындық болуымен Еріктілер ұйымдарының картасы жасақталған болатын. Нәтижесінде еріктілер үшін өз қозғалыстарына өзге де волонтерларды тартуды оңтайландыратын арнайы қосымша жасалынып, көптің игілігіне ұсынылды. Сондай-ақ еріктілер арасындағы ел ішіндегі бірнеше мәселелер тереңінен қордаланып, шешімін тапты.

Баршаға мәлім 2020 жыл биылғы Жастар жылының заңды жалғасы ретінде волонтерлық қызметті қолдау жылына жалғасуы әбден мүмкін. Осыған орай қазіргі таңда Жамбыл облысында «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде» гранты аясында білім алған әулиеаталықтар өз білімдерін еріктілер қозғалыстарын жандандыруға жұмсауға үлкен мүмкіндік алмақ. Бұл бастаманы қолға алған «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшелері жуырда ерікті ретінде өздерінің зор белсенділіктерін көрсетіп, көпке үлгі бола білді.

Атап айтқанда Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шеккен аумаққа ең алғашқылардың бірі боп осы бірлестіктің 30-ға тарта мүшесі аттанды. Арыстық ағайынға қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсетті. Өздерінің азаматтық белсенділіктерін танытқан еріктілер қатары күн сайын көбейіп, апат салдарынан үлкен алаңдаушылыққа ұшыраған бұқараға сын сағатта демеу болды. Жамбылдық еріктілердің атқарып жатқан игі шаралары тек бұл емес.

Биыл волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды. Облыста 2 мыңға жуық еріктілер дерекқоры жасақталған. Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №52 қаулысымен «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі Жоспары бекітілді.

Жоба аясында 1800 волонтер облыстағы 250 мыңға жуық отбасыларды аралай отырып, арнайы әзірленген әлеуметтік сауалнама толтырды. Барлық волонтерлар сауалнама толтыру әдісіне оқытылды. Жалпы 218 736 отбасы (жалпы отбасы санына шаққанда 85,9%) араланса, 77 385 отбасына сауалнама толтырылды (жалпы араланған отбасының 35,4%). Тараз қаласы бойынша 77 257 (86,5%) араланып, 5211 (6,7%) сауалнама толтырылды. Толтырылған сауалнамалар арнайы әзірленген дерекқорға енгізілді. Жобаны іске асыруға 15 млн. теңге қаржы қаралды.

Бұл қаржыға Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені ашылды, олар қажетті жабдықтармен жабдықталды. Одан бөлек, халық көп шоғырланатын сауда орындарында 5 қайырымдылық жәшігі орнатылды. Жыл басынан бері аталған дүкендер арқылы 752 отбасына 3 тоннаға жуық киім-кешек таратылды. Сәуір, мамыр, маусым аралығында қаламыздағы үш дүкенде Төле би 74 «Б» көшесіндегі дүкеннен 117 отбасы киім кешек алды, Ленина 97 «А» көшесіндегі дүкеннен 73 отбасы киім кешек алды, Байдібек би 1 «Б» көшесіндегі дүкеннен 32 отбасы киім кешек алды.

Сол сияқты, жоба аясында волонтерлардың ықпалымен облыс бойынша 609 отбасына 3,2 млн. теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді. Сонымен қатар, волонтерлармен жергілікті жерлерде түрлі тұрмыстық заттар, киім-кешектер жинастыру, заттарды мұқтаж отбасыларына тарату шығындары қарастырылған. Одан бөлек, волонтерлармен түрлі мәдени-спорттық көпшіліктік шаралар ұйымдастыру, оларды бағалы сыйлықтармен марапаттау, жыл қорытындысы бойынша нәтижелі жұмыс атқарған 12 волонтерға демалыс орындарына жолдама беру секілді ынталандыру шаралары қаралған.

Бұқараның әлеуметтік жағдайын жақсартуға да еріктілердің қосып жатқан үлесі орасан екені осыдан аңғарылады. Ел аумағында өткен маңызды әрі ауқымды шаралардың жоғары деңгейде өтуіне волонтерлардың атсалысып келе жатқаны баршаға аян. Жер шарында бүгінде миллиондаған адам азаматтық қоғамның даму тетігіне айналу жолында бұқараға зор үлесін қосып келеді.

Осындай қозғаушы күшке мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың да жыл санап ұлғайып келе жатқаны ел аумағындағы барша өренге үлкен үміт сыйлайтыны анық.

Гиперсілтеме: zhambylnews

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.