• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 23:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады

turan_admin turan_admin
16.09.2025, 15:32
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Одан кейін бірқатар басқарма басшысына сөз берілді.
  Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың мәліметінше, білім беру ұйымдарының автономды қазандықтарына қажетті 41 572 тонна көмірдің 28 153 тоннасы жеткізілген. Дегенмен, Меркі, Т. Рысқұлов және Қордай аудандарында қатты отын жеткізу қарқыны төмен деңгейде қалып отыр.
Облыс халқының сумен жабдықталу деңгейі қалаларда – 98 пайызды, ауылдық елді мекендерде – 98,3 пайызды құрайды.
Биыл қалған 24 ауылдық елді мекен мен Тараз және Шу қалаларындағы 9 тұрғын алқапта ауызсу жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Бүгінгі күнге дейін 7 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізді. Қалған 13 елді мекен мен 9 тұрғын алқаптағы құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Ал Мойынқұм, Шу және Қордай аудандарындағы 4 елді мекенде құрылыс барысының кестеден кешігуі байқалады.
– Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін халықты толыққанды ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бұл міндетті жүзеге асырудағы жауапкершіліктеріңіз аса жоғары, – деді облыс әкімі.
Сонымен бірге жылыту маусымына дайындық барысын қатаң бақылауда ұстауды, автономды қазандықтар мен тұрғындарға қажетті көмірдің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
– Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар халыққа нақты пайдасын тигізуі керек, – деді Ербол Қарашөкеев.
2025 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 28 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат Сейітбеков хабарлады.
Аталған қаражат есебінен 184 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 17,7 шақырым көшеге жаңа жол төселіп, 6 көпірдің құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады, ал 440,5 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта 101 жоба аяқталды.
Жол жөндеу жұмыстарының сапасына бақылауды «Жол активтерінің сапа орталығы» жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін 119 нысан бойынша 203 рет инспекциялық тексеріс өткізіліп, 838 сынама алынған. Оның 585-і талапқа сай болса, 253 жағдайда сәйкессіздіктер анықталған. Жамбыл, Мойынқұм және Т. Рысқұлов аудандарында кемшіліктерді жою шаралары қолға алынбаған. Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен бірқатар ауданда сараптамасыз қабылдау, анықталған сәйкессіздіктерге қарамастан жұмыстарды ішінара немесе толығымен қабылдау фактілері тіркелген.
– Неліктен анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты жұмыстар атқарылмаған? Сапа орталығы анықтаған олқылықтар міндетті түрде ретке кілтірілуі тиіс. Әрі жұмысты сапасыз орындаған мердігерлерге қатаң шара қолдану қажет. Мұның өзі бюджеттің тиімсіз жұмсалғанын және техникалық бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді, – деді облыс басшысы аудан әкімдеріне қарата.
Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, өңірде 184 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 139-ы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Атап айтқанда, 11 білім беру, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп, 6 денсаулық сақтау, 6 спорт, 8 мәдениет, 3 ауыл шаруашылығы, 1 ішкі істер нысаны, сондай-ақ 50 тұрғын үй (2 390 пәтерлі) мен 50 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы бар. Бұдан бөлек, 1 415 пәтер сатып алу көзделген.
Қалған 45 нысан келесі жылға өтпелі.
Жалпы, 2025 жылы құрылыс саласына 390,8 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 188,5 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.
8 айда 403,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жылдық жоспардың (765 мың шаршы метр) 52,7 пайызын құрайды.
Өңір басшысы жол жөндеу, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді талап етті.
Бұдан кейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев баяндама жасады.
Сонымен қатар облыс әкімі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әлібек Аманбайдың хабарламасынан нақты ұсыныстар көрмегенін айтып, өңірдің бас сәулетшісінен нәтижелі жұмыс күтетінін ескертті.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша Байзақ, Меркі және Қордай аудандарының әкімдері, сондай-ақ өңірдегі жедел жағдайларға қатысты бірқатар департамент, басқарма мен кәсіпорын басшылары есеп берді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жұмысты жүйелі ұйымдастырып, көтерілген барлық мәселені жіті бақылауда ұстай отырып, дер кезінде шешу қатаң түрде тапсырылды.

Тегтер: Жамбыл облыс
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.