• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев: «Таза Қазақстан» республикалық акциясына 27 мыңнан астам жамбылдық қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасуда.

turan_admin turan_admin
29.04.2024, 13:53
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев: «Таза Қазақстан» республикалық акциясына 27 мыңнан астам жамбылдық  қатысты
60
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Ұлы дала» шағын ауданының аумағында Тараз қаласының тұрғындарымен бірге ағаш отырғызды. Бұл күні 125 түп қарағаш, 100 түп емен, 170 түп терек, 101 түп шырша көшеті егілді.

27 мыңнан астам жамбылдық қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға өз үлестерін қосты, оның ішінде кәсіпорын мен әлеуметтік нысанның 5 222  қызметкері бар. Аумақты абаттандыру бойынша 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ,  1400-ге жуық аула, 8300 су жүйелерінде тазарту жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша биыл абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына 9,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 57 100 көшет отырғызылды, 809,4 шақырым арық және канал, 3 102 шақырым көше, 1,1 млн шаршы метр саябақ пен сквер аумағы тазартылды, 4 280 тонна қоқыс шығарылды. 53 субұрқақты іске қосу шаралары қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жалғастыру үшін 25 бірлік техника сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыс бойынша 469,6 шақырым жол жөнделеді. 228 көше (Таразда 76 көше) жарықтандырылады. Биыл облыс орталығындағы 10 шағын аудан мен Қарасу тұрғын алқабының аулалары толығымен жарықтандырумен қамтылады.

Аймақ басшысына Тараз қаласын одан әрі көгалдандыру және абаттандыру жобалары баяндалды. Шаһарда ағаштарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мәліметтер негізінде ұтымды суару жүйесін ұйымдастыруға көмектесетін дендрокарта жасалмақ.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүруде. Президент қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, бизнес өкілдері, студенттер экологиялық акцияға белсенді қатысуда, — деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым салу жобаларының ажырамас бөлігі болуы тиіс екендігін баса айтты.

Ағымдағы жылы облыста 56 көпқабатты тұрғын үйдің (2 909 пәтер) құрылысына 12,3 млрд теңге бөлінген. Жыл қорытындысы бойынша 54 үй (2 749 пәтер) пайдалануға беріледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1 575 пәтер сатып алу жоспарлануда (республикалық бюджеттен, «Самұрық-Қазына» қоры). Бұдан бөлек, 14,2 мың орынға арналған 41 білім беру, 24 денсаулық сақтау нысанының, 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірдегі аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі экологиялық науқан жүйелі түрде жалғасады.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысыТаза Қазақстанэкологиялық акция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.