• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев Тараздағы бірқатар нысандардың жұмыстарын тексерді

Алдымен облыс әкімі Рысбек батыр көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Бұл көше қала тұрғындары жиі пайдаланатын маңызды көлік жолдарының бірі саналады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
26.06.2026, 12:31
Облыс жаңалықтары
28
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, бірқатар жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударды.

Алдымен облыс әкімі Рысбек батыр көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Бұл көше қала тұрғындары жиі пайдаланатын маңызды көлік жолдарының бірі саналады. Сондықтан жобаның сапалы әрі уақытылы аяқталуы тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етеді.

Ербол Қарашөкеев құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды, сапаны қатаң бақылауда ұстауды және тұрғындар мен көлік қозғалысына келетін қолайсыздықтарды барынша азайтуды тапсырды. Сонымен қатар азаматтардан түсетін ұсыныстар мен шағымдарға жедел ден қойып, тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Аралау барысында өңір басшысы жергілікті атқарушы органдар басшыларына тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеудің маңызын ерекше ескертті.

– Қаланы өздеріңіз де тұрақты аралап тұрыңыздар. Бұл бағытта аудан әкімдеріне де нақты тапсырмалар берілді. Әрбір әкім кабинетте отырмай, ел ішіне шығып, тұрғындардың мәселелерімен тікелей танысуы қажет. Қазір облыс көлемінде көптеген құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан нысандарды көзбен көріп, тұрақты бақылауда ұстағанда ғана нақты нәтиже болады, – деді облыс әкімі.

Бұдан кейін Ербол Қарашөкеев №9 тұрғын үй ауласында салынып жатқан балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты. Нысан келесі айда пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына тоқталып, құрылыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын міндеттеді.

Сондай-ақ өңір басшысы тарихи-мәдени мұра нысаны саналатын «Төрткүл» керуен сарайын жаңғырту жұмыстарын тексерді.
Аймақ басшысы бұл нысанның өңірдің туристік әлеуетін арттырудағы маңызына тоқталып, жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге тарихи келбеті мен сәулеттік ерекшеліктерін толық сақтап, пайдалануға берілгеннен кейін келушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Ұлы Дала» тұрғын алқабындағы жоғары вольтты электр желілері мен қосалқы станция құрылысының барысымен де танысты.
Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Сонымен қатар жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстап, нысанды белгіленген мерзімде аяқтау үшін барлық ұйымдастыру шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

Сапар соңында облыс әкімі Түйте каналының жағдайын көрді.
Өңір басшысы әлеуметтік желілерде тұрғындардың каналға су берілмегені жөніндегі шағымдары жарияланғанын атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылы ғана пайдалануға берілген нысанның биыл жұмыс істемеуі және каналдың қоқыс жиналатын орынға айналуы жауапты мекемелер тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болғанын көрсетеді.

Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысы ерекше назар аударып отырған «Таза Қазақстан» акциясының талаптарына сәйкес канал арнасын толық тазалауды, санитарлық жағдайын ретке келтіруді және тұрақты күтімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері мен сын-ескертулері назардан тыс қалмауы керектігін айтып, әлеуметтік желілердегі әрбір мәселе бойынша жедел әрекет етіп, халықпен тұрақты кері байланыс орнатуды міндеттеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.