• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 06:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев коммуналдық қызметтерді күшейтілген жұмыс режиміне көшіруді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте жылыту маусымының өту барысы қаралды.

turan_admin turan_admin
09.12.2023, 18:45
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев коммуналдық қызметтерді күшейтілген жұмыс режиміне көшіруді тапсырды
82
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатовтың айтуынша, жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде инфрақұрылым нысандарында ауыр апаттар немесе төтенше жағдайлартіркелмеген.

Тоғыз жылу-энергетикалық кешен мен 593 автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде, олармен 1737 әлеуметтік нысан мен 1665 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылуда.

Отын-энергетикалық кешендеріжылыту маусымында 1,25 миллиард текше метр газ тұтынуды жоспарлауда.  Мазуттың резервтік қоры 15 мың тоннаны құрайды. Жылыту маусымы үшін ҚР Энергетика министрлігіненЖамбыл облысы үшін 24438 тонна мазут бөлінген десек, оның 12938 тоннасы Жаңатас қаласының қазандығына тиесілі.

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына халықтың көмірге қажеттілігі 149,7 мың тоннаны құраса, қазіргі таңға дейін оның 118 мың тоннасы жеткізілген. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер үшін 66,2 мың тонна сатып алынып, жоспар толығымен орындалған.

Желтоқсан айының екінші және үшінші онкүндігінде ауа райының күрт төмендеуі күтілуде. Бүгінде температуралық режимді сақтау тұрақты бақылауда, сондай-ақ, кәсіпорындарда тәулік бойы диспетчерлік қызметтер ұйымдастырылған.

Басқосу барысында спорт, білім, денсаулық, мәдениет басқармалары басшыларының, аудан әкімдерінің, отын-энергетикалық кешендер өкілдерінің алдағы болжамды ауа-райына дайындықтары бойынша есептері тыңдалды.

Ербол Қарашөкеев барлық қызметтерді күшейтілген жұмыс режиміне көшіруді тапсырды.

— Келесі аптада синоптиктер ауа-райының қатты аяз болатынын ескертуде. Барлық қызметтер бұған дайын болуы тиіс. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысы ерекше бақылауда болып, мәселелер туындаған жағдайда жедел шешілуі қажет, — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, коммуналдық — тұрмыстық секторды және халықты көмірмен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтер үшін кәсіпорындар мен абоненттердің берешегін өтеу, облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені мен Ұлы дала шағын ауданының ғимараттарын жылумен жабдықтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы сараланды. Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі жауаптыларға тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, инертті материалдардың қажетті қорын дайындау, Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолының бойында жылыту пункттерін ұйымдастыруға қатысты нақты міндеттер жүктеді.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Абылай Асқаров Жақсылықта мәдениет үйін, Көкдөненде спорт кешенін салу мәселесін көтермек

24.11.2026, 05:18

Әлишер Жомарт тұрғындар көтерген мәселелерді аудандық атқарушы органдарға жеткізуді көздейді

24.11.2026, 05:11

Мектеп директоры Әлишер Жомарт №7 округ бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болды

24.11.2026, 05:10

Ауыл жолдары, ауызсу және көше жарығыстің бағдарламасына енді Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дидар Үсіпбек ауылдық елді мекендердегі жол, ауызсу, жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін сайлауалды бағдарламасына енгізді. Сайланған жағдайда ол тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын аудан деңгейінде көтеріп, жергілікті мәселелердің шешілуіне атсалысуды көздейді. Ауылдың күнделікті тұрмысына қатысты ұсыныстар Үсіпбек ауылішілік жолдардың жай-күйі, ауызсумен қамту және көше жарығы тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей қатысты екенін атап өтеді. Бағдарламада осы мәселелермен қатар елді мекендерді абаттандыру да көзделген. Кандидат ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді олардың өздерімен бірге талқылап, ұсыныстарын назарға алуды жоспарлап отыр. Балалар мен жастарға арналған мүмкіндіктер Үсіпбек ауылдың дамуын балалар мен жастарға жасалатын жағдаймен де байланыстырады. Ол оқушылар үшін спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруды, туристік және өлкетану бағытындағы жұмыстарды кеңейтуді ұсынады. Бағдарламада балаларға арналған қосымша білім беру үйірмелерін дамыту және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелері де қамтылған. Өрнек ауылдық округіне қарасты Жарлысу ауылында туған Үсіпбек 2019 жылдан бері балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беріп келеді. Кандидаттың сөзінше, туған өлкені дамыту үшін тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, ортақ мәселелердің шешімі бірлесіп ізделуі керек. Ол осы ұстанымын бағдарламасында былай түйіндеген: «Халықпен бірге көтерілген мәселе – халықпен бірге шешілуі тиіс міндет». Дайындаған: «ID Corp» ЖШС. Тапсырыс беруші: Д.Б. Үсіпбек. Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

24.11.2026, 05:07

Дидар Үсіпбек ауыл балаларына арналған үйірмелер мен спорттық іс-шараларды дамытуды ұсынды

24.11.2026, 05:04

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.