• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Елімізде жыл басынан бері 100 мыңға жуық көлік шығарылды

Биылғы жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға арттырып,  190 мың көлік шығару. Жалпы биыл автомобиль шығару саласы 131,1%-ға өсті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
21.07.2026, 18:38
Қазақстан жаңалықтары
Елімізде жыл басынан бері 100 мыңға жуық көлік шығарылды
10
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстанда шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Министр қазіргі таңда автомобиль өнеркәсібі – отандық машина жасау саласындағы стратегиялық бағыттардың бірі екенін, ол әлемнің дамыған мемлекеттер тәжірибесіне сәйкес кезең-кезеңімен дамып келетінін атап өтті.

Мәселен, Кореяда бұл саланы қалыптастыруға шамамен отыз жыл қажет болды. Елімізде 2010–2019 жылдары отандық автокөлік өндірісінің негізі қаланды. Осы кезеңде нарыққа әлемдік жетекші брендтер келіп, құрастыру өндірісі іске қосылды. Соның нәтижесінде автомобиль өндірісінің көлемі 3 мыңнан 50 мың бірлікке дейін өсті. 2020 жылдан бастап сала дамудың жаңа кезеңіне өтті. Дәнекерлеу, бояу процестерін қамтитын күрделі құрастыру өндірісі енгізіле бастады. Соның нәтижесінде өндіріс әлеуеті артып, жыл қорытындысы бойынша 171 400 автокөлік шығарылды.

«Өткен жылдан бастап автомобиль өнеркәсібінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Ендігі негізгі міндет – дайын автокөлік шығарумен қатар, оның құрамдас бөліктерін өз елімізде өндіруді дамыту. Осы бағытта локализация деңгейін арттыру, автобөлшектердің отандық өндірісін жолға қою және қазақстандық жеткізушілердің өндірістік экожүйесін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жаңа нарықтарды игеру, инженерлік әлеуетті арттыру және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге басымдық берілетін болады.Зауыттар заманауи технологиялармен жабдықталып, автоматтандырылған. Бүгінде мұнда 135 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді. Саланың өндірістік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автокөлік өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қытайға сапары аясында автомобиль жасау саласында бірқатар маңызды келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін, SITRAK жүргізушісіз тартқыштарды шығаруды және BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау стансалары желісін дамыту көзделуде. Қазірде елімізде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл өндірістерде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, қауіпсіздікті жедел басқаруға арналған жасанды интеллектке негізделген ахуалдық орталық іске қосылды. Интеллектуалды платформа бейнекамералардан, датчиктерден және ақпараттық жүйелерден келіп түсетін деректерді талдап, тәуекелдерді, төтенше жағдайларды және ауытқуларды жедел анықтап, оларды уақтылы жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дәнекерлеу жұмыстарының сапасын автоматты түрде бақылауға арналған талдау жүйелері қолданылады. Өндірістік процестерді нақты уақыт режимінде модельдеу және оңтайландыру үшін цифрлық егіздер пайдаланылады. Жоғарыда атап өткендей, локализация деңгейін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі – автобөлшектер өндірісін дамыту. Бүгінде бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Отандық кәсіпорындар шиналар, қозғалтқыш бөлшектері, аккумуляторлар, автобусқа арналған металл бөлшектер, орындықтар мен мультимедиялық жүйелер шығаруды игерді. Одан бөлек, бамперлер, электр сымдары, доңғалақ дискілері және лак-бояу материалдарын шығаратын жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Осы бағытты дамыту үшін машина жасау және көлік мәселелері бойынша заң қабылданып, онда «өнеркәсіптік кластер» ұғымы енгізілді.

Қазіргі уақытта ең ірі өнеркәсіптік кластерлер Қостанай, Саран және Алматы қалаларында қалыптасқан. Аталған кластерлер аясында автокөлік өндірумен қатар, олар үшін қажетті бөлшектер өндірісін дамыту, жаңа жеткізушілерді тартып, өндірістік тізбектерді қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Жүк техникасы өндірісі саласында бүгінде елімізде Scania және HOWO сияқты әлемдік брендтердің тартқыштары шығарылады. Сонмен қатар саланы одан әрі дамыту бағытында жаңа жобалар да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биылғы жылдың төртінші тоқсанынан бастап Hyundai Trans Auto кәсіпорнында жылына 500 VOLVO тарқыштарын шығару жоспарлануда. Сондай-ақ Barys Truck Manufactory компаниясы XCMG-мен бірлесіп электрлі жүк көліктері жобасын жүзеге асыруда.

«Саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті кадрларға тікелей байланысты. Осы мақсатта кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салуда. Бұл жұмыс жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірлерге мамандарды тарту үшін еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдау күшеюде. Корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынып, жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпорындар қызметкерлерге арналған медициналық сақтандыру, тамақтандыру, көлікпен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуде. Қазір салада 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ министр бұл оң динамика биыл да сақталғанын атап өтті. Осы жылдың алты айында 94 мың төрт жүз көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға жоғары. Биылғы жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға арттырып,  190 мың көлік шығару. Жалпы биыл автомобиль шығару саласы 131,1%-ға өсті. Отандық автомобиль өнеркәсібінің одан әрі дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Министрлік келесі негізгі бағыттарды айқындады:

  • Бірінші – локализация деңгейін одан әрі арттыру.

Ол үшін негізгі басымдық – жаңа автобөлшектер өндірісін игеруге және отандық кәсіпорындарды әлемнің жетекші автомобиль компанияларының өндірістер тізбектеріне енгізу жоспарлануда.

  • Екіншісі – халық үшін автокөліктің қолжетімділігін арттыру. Осы мақсатта автонесиелеу мен лизинг тетіктерін жетілдіру, оның ішінде борыштық жүктеме коэффициентін алып тастау және жеке тұлғаларға арналған автолизингті дамыту көзделуде.
  • Үшінші – электр және гибридті көлік құралдары өндірісін дамыту, сондай-ақ оларды пайдалануға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру. Бұл зарядтау стансалар желісін кеңейтуді, пилотсыз көлік технологияларын қолдану үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтиды.
  • Төртінші – автокөліктерді импорттау кезінде заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.

Бұл отандық өндірушілер мен импорттаушылар үшін тең әрі ашық бәсекелестік жағдайларын қалыптастыруға, сондай-ақ заңсыз схемаларды болдырмауға мүмкіндік береді.

  • Бесінші – меншікті зертханалық базаны құру. Бұл автокөлік пен автобөлшектердің техникалық талаптарға сәйкестігін ел ішінде растауға, жаңа өнімдердің нарыққа жедел шығаруға, отандық өндірістің дамуына ықпал етеді.

Ұсынылған шаралар автомобиль өнеркәсібінің одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жаңа инвестициялар тартуға және отандық өнімді  қолжетімді етіп, өңірлік әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді. Министрлік өз құзыреті шеңберінде аталған бағыттар бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, қабылданған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ететін болады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.