• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Елімізде мобильді аударымдарға тексеріс жүргізілуде

Осы уақытқа дейін салық комитетіндегілер мобильді аударымдар бойынша ескерту жасап келсе, енді ревизияға шындап кірісті. Қазір қаңтар, ақпан және наурыз айының аударымдары бойынша банк есеп өткізіп жатыр.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
08.04.2026, 22:04
Қазақстан жаңалықтары
Елімізде мобильді аударымдарға тексеріс жүргізілуде
15
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл процесс 15 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі.

Азаматтардың шотына түскен әрбір теңге туралы мәліметті банктер салық органына жолдап жатыр. Кірістер комитеті жыл басынан бері кәсіпті заңдастырып, салық есебін тапсыруға үндеп келген. Ережеге сәйкес, жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын және 3 ай қатарынан 100-ден астам аударым қабылдаған азаматтар тексеруге алынады. Енді банктер берген мәліметтердің нәтижесінде ескертуді елемегендерге хабарлама жіберіледі. Бірақ бірден айыппұл салынбайды. 30 күннің ішінде қаржының қайдан келгенін түсіндіруіңіз керек. Қаражаттың бизнеске қатысы жоқ екені дәлелденсе, бақылаудан босатылады. Ал ескертуді елемегендер шотына түскен қаржының 10 пайызын салық ретінде төлеуге міндетті.

— Бизнесте тауарларды сату, қызмет көрсету кезінде ақысын алар кезде міндетті түрде бизнес шотқа аударылу керек. Жеке тұлғаның жеке шотын пайдалануға тыйым салынады. Сондықтан, бұл жерде жеке тұлғаның мобильді аударымын тексерудің негізгі мақсаты кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатындарды анықтау, яғни, көптеген адамнан жүйелі түрде қабылдаса ол жерде кәсіпкерлік нышаны бар деген сөз, — деді ҚР ҚМ КК Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

Бұл бір реттік тексеру емес. Енді Кірістер комитеті әр 3 ай сайын азаматтардың банк шоттарына осындай ревизия жүргізіп отырады. Сондықтан ресми табысыңыздан бөлек ақша тауып жүрсеңіз, бәрін заңдастырып алыңыз. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, есеп-қисабыңызды ресми жариялауға дағдылаңыз. Әйтпесе, табысыңыз айыппұлға ұласып, еңбегіңіз еш кетуі мүмкін. Салықшылар 2024 пен 2025 жылдардағы аударымдарға да тексеру жасайды.

— Қазір әр салық органында кімде қанша аударым болғаны, яғни, кәсіпкерлік белгісі бар аударымдар туралы ақпарат бар. Бірақ олар ақпараттарды 2026 жылы жібере салмауы мүмкін. Себебі, салық кезеңі деген бар. Ол — 3 жыл. Яғни, 2025 жыл үшін маған хабарлама 2026,2027,2028 жылы келуі мүмкін. 2028 жылдың желтоқсанында 2025 жылдың хабарламасы келсе, ол таңқалатын нәрсе емес. Себебі салықтық тексеру үш жылдан тұрады, — деді Салық сарапшысы Балжан Бақытқалиқызы.

Қазірдің өзінде арнайы салық режиміне өтіп, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Бірақ ревизия да өз нәтижесін беріп отыр. Мәселен, бүгін Үкіметтің берген есебінде жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі бойынша 392 мың жеке тұлға тіркеліпті. Сөйтіп, қосымша құн салығын төлеушілер саны 10 мың субъектіге артқан.

 

Тегтер: банк қызметімобильді аударымдартексеріс
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.