• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Елдік шараны елемегендері ме?

turan_admin turan_admin
05.04.2017, 09:02
Облыс жаңалықтары
Елдік шараны елемегендері ме?
264
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қала аумағында өтіп жатқан тазалық жұмыстарының барысы штаб отырысында қаралып, жұмысты әлі де ширату керектігі айтылды.
Қала әкімі Рүстем Дәулеттің төрағалығымен өткен басқосуда әкім бір ай көлемінде сенбілік жұмыстарына салғырттық танытып, қатыспаған мекемелерді сын тезіне алды. Мұнан кейін қала әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Мақсат Ахаев тазалық айлығы аясында қала көшелері, мөлтек аудандар мен демалыс орындарының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін 335 қоғамдық жұмысшы жұмылдырылып, оның ішінде 162 жұмысшы 11 аумақтық округтерге бөлінгендігін айтып өтті. Сондай-ақ қосымша 120 қоғамдық жұмысшыны тарту тапсырмасы бойынша «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-і қазіргі уақытқа дейін 20 жұмысшы қабылдағанын және 1 сәуірден бастап тағы 100 жұмысшыны тарту жоспарланып отырғанын жеткізді. Мақсат Кеңесханұлының айтуынша, екі айлық аясында қаладағы 7 саябақ, 36 сквер мен аллеялар аумақтарын қоқыстардан тазарту, абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 64 пайыз қала аумағында тазалық жұмыстары жүргізілген.
– Қала көшелеріндегі 54120м2 көгал алаңдары қоқыстан тазартылды, 2500 м3 бейберекет жинақталған кездейсоқ қоқыстар шығарылып, 67,7 шақырым көше жуылды. 1 наурыздан бастап осы уақытқа дейін 8 сенбілік өткізіліп, қала тұрғындары, пәтер иелері кооперативтері, бюджет саласының мекемелері, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандар сенбілікке атсалысты. Оған жалпы 15411 адам қатысып, 115 бірлік техника жұмылдырылды. Тазарту жұмыстарының нәтижесінде 801 тонна қоқыс шығарылып, 1700 дана ағаш әктелді. Наурыз айында жалпы 52000 метр арық жүйелері тазаланып, оның ішінде сенбілік кезінде 11100 метр арықтың қоқыстан көзі ашылды, – деген Мақсат Кеңесханұлы сенбілікке қатыспай келе жатқан мекемелер мен кәсіпорындарды атап өтті. Атап айтқанда, «Энерджи-Тараз», «Таркон», «Өксікбай және К», «Факел» ЖШС, «Арзу», «Дмитрий и К», «Тараз құбыр зауыты», «СМЭУ «Автотранссигнал-2», «Таразкожобувь» серіктестіктері, «КEGOG» оңтүстік подстанциясы, «Локомотив» депосы, ЭЧ-21, РЭЧ, арнайы мектеп, «КазНИИСА» мекемелері, «Нұралы», «Салтанат», «Сұлтан» базарлары, «Сәлем», «Себет» сауда орталықтары, «Фиркан», «Светлана» дүкендері, «Евростиль» жиһаз дүкені, «Квадрат» құрылыс дүкені, «Нұр Банк», «Forte Bank» АҚ-ы, бокс мектебі, №2035 әскери бөлімі, 3 мөлтек аудандағы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы, 6 мөлтек аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығы және «Путь», «Самал», «Светлана», «Еңбек», «Алма бұлақ», «Азамат-Жайлау» ПИК өкілдері сенбілік жұмыстарына салғырттық танытқан.
Және қаладағы бос жатқан жер телімдерінің тазалығы сын көтермейтіні айтылып, бұл бағыттағы жұмыстар да пысықталды. Аталған мәселемен айналысып жатқан қала әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытжан Сүгірбеков бос жатқан жер телімдерінің иелері табылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын мәлім етті. Мәселен, «Аю» балабақшасының қарсы бетінде орналасқан құрылысы аяқталмаған 7 қабатты нысанның аумағы көңіл көншітпейді. Қазіргі таңда оның иесі табылып, хат жолданған. Және Қ.Тұрысов көшесі 1 «А» мекенжайында орналасқан жер телімінің аумағы да қала көркін бұзып тұр екен. Ол жер телімін «Аль-Баракат» мекемесі 2015 жылы 9 қабатты ғимарат салу үшін сатып алыпты. Дегенмен әлі күнге дейін құрылысын бастамаған. Бөлім атынан ол мекемеге хат жазылып, тиісті шаралар қолдану қолға алыну үстінде. Мұнымен қоса, «Жеңіс» саябағы ішіндегі «Алтын бөбек» мекемесіне тиесілі жер телімі де күл-қоқысқа айналған. Сондай-ақ Жамбыл даңғылы мен Көшек батыр көшесі қиылысындағы бетін қоқыс жапқан жер телімі жалға берілген екен. Оның да иесі табылып, келісімшартын бұзу шаралары қолға алыныпты.
Отырыста бұдан өзге, қала көшелеріндегі рұқсат етілмеген сыртқы жарналардың жайы да сөз болды. Бұл мәселе қала әкімдігінің сәулет және құрылыс бөліміне қарайды екен. Бөлім осы уақытқа дейін Абай, Төле би, Жамбыл даңғылдары мен Сүлейменов көшелерін аралап, рұқсатсыз ілінген жарнама иелеріне ескерту жасаған. Одан бөлек 30-дан астам жарнаманы өз беттерінше алып тастапты. Бұл үшін оған арнайы көлік те бөлініпті.
Штаб отырысын қорытындылаған шаһар басшысы Рүстем Дәулет сенбілікке шықпаған мекеме және кәсіпорын басшыларын жеке-жеке тұрғызып, себебін сұрады. Алдағы уақытта қатыспайтын болса, облыс әкімдігі тарапынан шара қолданылатындығын ескертті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Тегтер: сенбілікТараз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.