• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ел алғысына бөленіп жүрген оташы

turan_admin turan_admin
08.06.2021, 23:20
Қоғам, Облыс жаңалықтары
Ел алғысына бөленіп жүрген оташы
528
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Адам өмірін құтқару – ол үшін күнделікті әдетке айналған. Медицина саласында ең экстремальды болып саналатын мамандық – хирург. Терең білім мен теориядан өзге бұл сала қызметкерінде жәрдем беру қасиеті – маңызды. 21 жылдық еңбек өтілі бар, қолына скальпель ұстаған, бүгінгі бейбіт күннің батыры – Жандос Рысқұлов.

Практикалық тәжірибе ең маңызды болып есептелетін салада қызмет ететін кейіпкердің жамбылдықтар үшін есімі елеулі. Талай жанға қайта өмір сыйлаған, ажалдан арашалап қалған дәрігердің жұмысы жеңіл деуге әсте келмейді. Құдды «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақал дәл осы мамандық иесіне арналғандай. Бұл соқпақ жолды қызметте еңбек ету – әр медицина өкілінің қолынан келмейтіні анық. Тіпті «қызыл диплом» да жұмыс барысында көмектеспейді. Ең бастысы – тәжірибе мен ержүректілік.

Жандос Рысқұлов 1998 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін қызыл дипломмен бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облыстық ауруханасында «Хирургия» мамандығы бойынша дәрігер-интерн болып бастаған. Интернатураны бітіргеннен кейін, 1999 жылдан бастап осы ұйымда дәрігер-хирург болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін хирургия бөлімшесінде бөлім меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды. 2017 жылдан бастап ұсыныс бойынша Жамбыл облыстық ауруханасы бас дәрігерінің хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқаруда.

«Жалпы хирургия» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша бірінші санаты бар. «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар. 2016 жылы ҚазМУ-де «ЖДСМ» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен. 2012-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургы болып жұмыс істеді.

«Қазіргі таңда оқудың қиындығынан қашып, мектепті ерте аяқтауға асығатын жасөспірімдер көбейді. Дегенмен, өмір күресті қажет етеді. Әрқашан қиындықтар кездеседі және әрбір адам оған дайын болуы қажет. Медицина саласы қиын болса да, қажет мамандықтың бірі. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге болмайды. Өз замандастарыңа, жақынындай болып кеткен жерлестеріңе жәрдем беруден артық бақыт жоқ шығар, сірә! – дейді білікті хирург.

Жандос Рысқулов — өз жұмысын жетік білетін тәжірибелі маман. Ол өзінің біліктілігін үнемі арттырумен қатар, жас мамандарды тәрбиелеу мәселесіне үлкен көңіл бөледі. Сондай-ақ, ол науқастарды диагностикалау мен емдеудің консервативті және оперативті әдістерін жетік меңгерген. Қызмет барысында талай жетістікке жеткен азаматқа марапаттан бөлек ерекше шабыт сыйлайтын, мерейін үстемдететін – алғыс. Ол – емделушінің алғысы. «Көшеде кездескен пациентің жылы жүзбен сәлем беріп, алғысын айтса арқаланып кетесің» дейді ол өз сөзінде.

Жауапкершілігі мол қызметте еңбек ететін бүгінгі кейіпкер – қызметіне адал, халқына жақын. Күн мен түнді елемейтін Жандос Ордабайұлы секілді мамандар облыстың медицина саласын айтарлықтай дамытуға күш жұмсары анық.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.