• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Экономикалық еркіндік рейтингінде Қазақстан жеті орынға төмендеп, 71-орынға ие болды

Ал Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстан экономикасы еркін емес елдердің тізімінде

turan_admin turan_admin
14.08.2023, 19:45
Қазақстан жаңалықтары
Экономикалық еркіндік рейтингінде Қазақстан жеті орынға төмендеп, 71-орынға ие болды
120
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Wall Street Journal газеті және Heritage Foundation зерттеу орталығы жүргізетін жыл сайынғы зерттеуге сәйкес, экономикалық еркіндіктің жаһандық орташа индексі 2022 жылғы 60 балдан 2023 жылы 59,3 балға дейін төмендеді. Қор сарапшылары экономикалық ернкіндікті «азаматтарға қажетті қорғау мен қолдауды қоспағанда, тауарлар мен қызметтерді өндіруге, таратуға және тұтынуға мемлекеттің араласуының немесе кедергісінің болмауы» деп анықтайды. Рейтингке 184 мемлекет қатысса, 8 ел бойынша дерек жоқ.

Алған балл неғұрлым жоғары болса, рейтинг соғұрлым жоғары. 100 балл — абсолютті еркін экономика, 0 балл — деспотиялық экономика. 2023 жылғы рейтингте экономикасы еркін елдер тізімінде небәрі 4 мемлекет (80 балдан жоғары) болды: Сингапур (83,9 балл), Швейцария (83,8 балл), Ирландия (82 балл) және Тайвань, ҚХР (80,7 балл). Сонымен қатар, 2022 жылы бұл тізімге тағы 3 мемлекет, Жаңа Зеландия, Люксембург және Эстония кірді, олар биыл экономика еркіндігі басым елдер тізіміне (70-тен 79,9 баллға дейін) енді.

ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Армения 65,1 балмен 50-орынға тұрақтады. Одан кейін Қазақстан 62,1 балмен 71-орында. Бір жыл бұрын Қазақстан 64,4 балмен 64-орында болған. Экономикасы орташа еркін елдер тізіміне Армения мен Қазақстан ғана кірді (60 балдан 69,9 балға дейін).

Түрікменстаннан басқа ЕАЭО және Орталық Азияның басқа елдері экономикасы еркін еместігі басым елдердің тізімінде (50- балдан 59,9 балға дейін): Өзбекстан (109 орын, 56,5 балл), Қырғызстан (115 орын, 55,8 балл), Ресей (125 орын, 53,8 балл), Беларусь (145 орын, 51 балл) және Тәжікстан (146 орын, 50,6 балл). Түрікменстан экономикасы деспотиялық (0 балдан 49,9 балға дейін) елдер тізіміне еніп, 46,5 балл индексімен 161-орынға тұрақтады.

Соңғы 176-шы орында, индексі небәрі 2,9 балды құраған Солтүстік Корея, сондай-ақ ең нашарлардың қатарында Куба (24,3 балл), Венесуэла (25,8 балл) және Судан (32,8 балл) бар.

2022 жылмен салыстырғанда Зимбабве (5,9 балға өсті) экономикалық еркіндік индексі рейтингінде ең үлкен жақсаруды көрсетті, одан кейін Доминикан Республикасы (5,3 балға өсті), ал Эсватини мен Лесото (3,5 балға өсті). Экономикалық еркіндік индексінің айтарлықтай төмендеуі Багам аралдарында (бірден 6,1 балға азайған), одан кейін Кубада (5,2 балға азайған) және Руандада (4,9 балға азайған) байқалды.

Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда индексте 2,3 балл жоғалтты, Ресей де сонша балл жоғалтқан. Беларусь (2 балл азайған) пен Армения (0,2 балл азайтқан) да экономикалық еркіндік индексін нашарлатты. Бұл ретте Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан индекстері тиісінше 0,9 балға, 0,8 балға және 0,3 балға жақсартты. Қырғызстанның экономикалық еркіндік индексі өзгеріссіз қалды.

 

Экономикалық еркіндік индексі 12 компонент бойынша өлшенеді, оның ішінде меншік құқығы, құқықтық жүйенің тиімділігі, сыбайлас жемқорлықтан азаттық, салық бостандығы, мемлекеттік шығындар, үкіметтен бостандық, бизнес еркіндігі, еңбек бостандығы, ақша еркіндігі, сауда еркіндігі, инвестиция еркіндігі, және қаржылық еркіндік кіреді. Әрбір параметр бойынша 0 балдан 100 балға дейін бағаланады және олардың орташа арифметикалық мәні нәтижесінде экономикалық еркіндік индексі беріледі.

Қазақстанның салық бостандығы (93 балл) және мемлекеттік шығындар (85 балл) санаттары жоғары болса, құқықтық жүйенің тиімділігі (34 балл) және сыбайлас жемқорлықтан азаттық (37 балл) санаттары төмен.

Тегтер: индексЭкономикалық еркіндік рейтингі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.