• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Егіс алқаптарының аумағы 46,8 мың гектарға артты

turan_admin turan_admin
28.05.2021, 14:50
Облыс жаңалықтары
Егіс алқаптарының аумағы 46,8 мың гектарға артты
140
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы қаралды. Туындаған мәселелер жан-жақты сараланды. Онда ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрғали Көрпебаев, «Қазсушар» РМК филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, аудан әкімдері сөз алып, есеп берді.

Қайрат Амановтың айтуынша, биылғы жылы 768,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46,8 мың гектарға артық. Жалпы барлық ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарының ұлғаюы байқалады.

Дегенмен, аймақта тұқымға қатысты жағдай аса ойдағыдай емес. Биыл егілген элиталық тұқым көлемі небары 12 пайызды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,3 пайыз.

Облыс әкімі өңірдің өзін-өзі тұқыммен қамтамасыз ете алмай отырғанын және импортқа тәуелділігін сынға алды.

Аймақ басшысы облыстың әр ауданында тұқым өсіретін шаруашылықтар мен сорттарды сынау зертханаларын құруды, сонымен қатар жергілікті тұқым өндірушілерді қолдауды тапсырды.

— Тұқым шаруашылығы басым бағыттардың біріне айналуға тиіс. Ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің ұлғаюы және өнімділігінің артуы сапалы тұқымдарға байланысты. Отандық тұқым шаруашылығын дамыту үшін нақты шаралар қабылдап, осы саланы қолдау үшін жергілікті инвестицияларды тарту қажет, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Қайрат Аманов бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алматы облысының «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мамандарымен бірге біздің облыстың әр ауданында шаруа қожалықтары анықталып, күздік бидайдың жаңа сорттарын енгізу жұмыстары ұйымдастырылмақ.

Бердібек Сапарбаев ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықта жұмыс жасайтын шаруашылықтардың тізімін жасауды жүктеді.

Аудан әкімдеріне техникаларды жаңартуға қатысты бекітілген индикаторларды орындау бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.

Спикер осы жылға әрбір ауданда су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша индикатор бекітілгенін еске салды. Бүгінгі таңда жаңа технологиялар 40,5 мың гектарға енгізіліп, жоспар 101,2 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы суару жағдайын қадағалауды және каналдардағы жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Облыс әкімі талқыланған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты ведомстволарға оларды шешу алгоритмін әзірлеу керектігін баса айтты.

— Егіс науқанының басында сіздер бәрінің дайын екендігін айтқансыздар. Ал, шын мәнінде керісінше жағдай орын алды. Кемшіліктерді талдап, оларды тез арада жою қажет. Сіздерден нақты шараларды күтемін, — деп сөзін аяқтады Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.