• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ең бастысы – тұрақты жұмыс орындарын құру

turan_admin turan_admin
20.01.2021, 11:38
Облыс жаңалықтары
Ең бастысы – тұрақты жұмыс орындарын құру
254
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді десек, оны іске асу барысы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтың айтуынша, 2020 жылға негізделген көрсеткіштерге қол жеткізілді. 808 жоба бойынша жұмыстар аяқталып, бөлінген қаражат толық игерілді. 20 мың жұмыс орны ашылса, оның ішінде 10 мыңы жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылған. Жоспарланған 1119 тұрақты жұмыс орнының 430-ы құрылса, қалғаны ағымдағы жылы ашылмақ.

Осы орайда негізгі мәселелердің бірі – мердігерлермен жасалған шарттарда Жол картасының мақсатына қол жеткізу бойынша жаңа жұмыс орындарын құру, жалақының шекті төменгі деңгейі және басқа да тармақтардың болмауы.

Ағымдағы жылы бағдарламаға нысандарды салу және жаңғырту секілді жобалар ғана енген. Жалпы құны 16,9 миллиард теңге болатын 41 жоба жүзеге асырылып, 1,6 мың жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Жобалар аяқталғаннан кейін 418 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. ЖҚЖК аясында 1,3 млрд. теңге көлемінде микрокредиттер беру қарастырылған.

Бердібек Сапарбаев ең бастысы – тұрақты жұмыс орындарын құру екенін баса айтты. Өңір басшысы тоқсан сайын еңбек нарығының динамикасын, соның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашуды, жалақы, зейнетақы аударымдары мен басқа да төлемдерді төлеудің жүйелілігін қадағалауды тапсырды.

— Әлеуметтік нысандардың қасбеттерін безендіруге, абаттандыру мен көгалдандыруға назар аударыңыздар. Техникалық және авторлық қадағалау жұмыстары сын көтермейді. Бізде құрылысы созылмалы нысандар әлі де кездеседі. Онда балалардың ойнайтынын ескерсек, бұл оқыс оқиға тап қылуы әбден мүмкін. Адамдар үшін ең бастысы – жұмысының болуы және жалақының уақытылы берілуі. Осыған байланысты еңбек инспекциясының жұмысын жандандыру қажет. Құрылыс ұйымдары тендерге алдын ала дайындалуы тиіс, олардың материалдары мен техникаларының бар-жоғын тексеруі керек. Арналар мен басқа да су жүйелерінің көктемгі дала жұмыстарының басталуына дайын болуын қамтамасыз ету үшін механикалық жасақтың белсенді жұмыс істеуі аса маңызды, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.