• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 14:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЕҮАК отырысында Әлихан Смайылов не туралы айтты

turan_admin turan_admin
21.06.2022, 17:03
Қазақстан жаңалықтары
ЕҮАК отырысында Әлихан Смайылов не туралы айтты
175
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сейсенбі, 21 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Минск қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында сөз сөйледі. Шараға Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Үкіметтерінің басшылары қатысты.

Әлихан Смайылов өз сөзінде бүгінде әлемдік сауданың елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанын атап өтті.

«Шиеленістің күшеюі, пандемия дағдарысы, жаһандық сауда-саттық және логистикалық байланыстардың үзілуі, гиперинфляция біздің елдердегі тауар өндірушілерге де, қызмет көрсетушілерге де кері әсерін тигізді. Ерекшелігі сол, дағдарыс ауыртпалығы шағын, орта және ірі бизнес нысандарының барлығына да түсіп отыр», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Қазақстан Үкіметі басшысының пікірінше, қазіргідей қиын-қыстау жағдайда өңірлік бірлестіктер туындаған проблемаларды шешуде жетекші рөл атқарады.

Ол жаңа көлік артерияларын құру және дамыту жолымен Еуропа мен Азияның жүктерін ЕАЭО елдеріне тасымалдау және сол елдердің аумағы арқылы тасымалдау уақытын қысқарту мен жеңілдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Жаңа жағдай» Еуразиялық экономикалық одақ қызметін трансформациялауды қажет етеді», — деген Әлихан Смайылов бұл бағыттағы басым міндеттерді атап көрсетті.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, ЕАЭО өңірінің бизнесті дамыту үшін әлеуеті зор, алайда бұған көбінесе келісім-шарттық базаның жетілмегендігімен және елдік протекционизммен байланысты кедергілер бөгет жасап отыр.

«Экономикалық бірлестіктің жетістігі оның барлық мүшелерінің іс-әрекетіне байланысты. Өздеріңіз білетіндей, қандай да бір кедергілер тосқауылдың туындауына себеп болады. Мемлекеттеріміздің экономикасының өсуі мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты болып табылатын еркін нарықты қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіруіміз қажет», — деді ҚР Үкіметінің басшысы.

Сондай-ақ құрамдас бұйымдарды, шикізатты және дайын өнімдерді жеткізудегі іркілістер өнеркәсіп кооперациясының жеткіліксіз деңгейде екенін көрсетіп берді.

«Іс жүзінде өнеркәсіптің барлық салаларында – машина жасау мен жоғары технологиялық салалардан бастап тамақ өнімдері мен медициналық бұйымдар өндірісіне дейін нақты кооперациялық жобалар қажет. Инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін нақты жобаларға көңіл бөлуді ұсынамын», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі қазақстандық бизнес үшін аса маңызды мәселелердің бірі ЕАЭО-ның барлық аумағы бойынша кедергісіз транзитті қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Осыған байланысты ол әріптестерін жеделдетілген және оңайлатылған транзитті, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету мәселесінде неғұрлым икемді және сындарлы болуға шақырды.

«ЕАЭО мүшелері Бірлестіктің негізгі қағидаттарына беріктігін сақтаған жағдайда, қазіргідей күрделі кезеңде еуразиялық экономикалық интеграцияның барлық қатысушылары үшін тиімді болатынына сенімдімін. Бұл ретте барлық елдерге тиімді болатын даму жолына түсуі үшін ұлттық мүдделер мен интеграциялық процестер арасындағы теңгерімді табу қажет», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

12.10.2026, 10:07
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектептегі орамал мәселесі. Instagram мен TikTok-қа кіру шектелді

13.10.2026, 13:51

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.