• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
08.08.2026, 02:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) жұмыстары туралы

turan_admin turan_admin
21.01.2020, 17:14
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) жұмыстары туралы
1.1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінде Жамбыл облысында мемлекетпен діндер арасындағы қарым-қатынасты байланыстыратын дін істері басқармасы жұмыс жасауда. Басқарма өңірдегі облыстық әкімшілікке қарасты. Негігзі жұмыстары ел аумағындағы діни бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнату болса, екіншіден жалпы бұқара халыққа дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының КММ-нің бөлім басшысы Еркебұлан Ақбаймен облыстағы дін саласындағы ақпараттық түсіндіру төбының (АТТ) жұмыстары туралы сұхбат жүргіздік.

-Сәлеметсіз бе, Еркебұлан мырза! Жамбыл облысындағы АТТ құрамы қалай жасақталған?

-Е.А. –Сәлеметсіз! Жалпы облысымыздың дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде құрылған (5 облыстық, 7 қалалық, 10 аудандық АТТ топтары бар. Құрамы — 122 адам). Облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамы талапқа сай дінтанушы, теолог және психолог мамандардан және дін саласына уәкілетті мемлекеттік қызметшілерден жасақталған. 2019 жылдың соңғы тоғыз айының қортындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен түрлі форматтарда 1582 іс-шара өткізіліп, 82 мыңнан астам адам қамтылды. Басқарманың үйлестіруімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әр түрлі бағыттарда нысаналы топ өкілдерімен жүзеге асырылуда.

-АТТ жұмыстарында дін саласынан бөлек қандай да бір тақырыптарда іс-шаралар өткізіледі ме?

-Е.А. –Иә! Мысалға дін саласындағы түсіндіру жұмыстарынан бөлек, діни бірлестіктердің заң аясындағы қызметтері, суицид, әлеуметтік желілердегі әртүрлі ақпараттар т.б. тақырыптарды кеңінен қамтиды. Іс-шараның барысында басқа да қатысушыларда сауалдар болса АТТ мүшесі жауап береді. Және тек бір өзі ғана емес, құзырлы мекеменің өкілдерімен де т.б. мекеме қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқаруда.

-Жергілікті немесе республикалық БАҚ арқылы материалдар жариялайсыздар ма?

-Е.А. -Облыстағы БАҚ құралдарында діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық, қалалық және аудандық газеттер редакциялары мен телеарналарда жұмыс атқаратын барлығы 18 тілшіден тұратын журналисттер пулы құрылған. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыстық, қалалық және аудандық БАҚ беттерінде діни қызмет саласында 222 материал жарық көрді. Апта сайын «Jambyl» телеарнасында басқарма мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушы, теолог мамандарының қатысуымен «Иман нұры» бағдарламасы эфирге шығуда. Ағымдағы жылы аталған бағдарлама эфирге 28 рет шықты. Сонымен қатар, «Jambyl» және «77tv» телеарналарында дін саласы бойынша 12 сюжет түсірілді. Басқарма мен облыс әкімдігінің мәдениет басқармасымен бірлесе деструктивті діни идеологиялардың алдын алуға бағытталған «Сағым» атты толықметражды фильм әзірленіп, аталған фильмнің көпшілікке арналған көрсетілімдері кинотеатарларға шығарылды. Облыста dini.zhambyl.kz, asyldin.kz, e-islam.tarmpu.kz сайттарының қызметтері үйлестірілуде.

-Ғаламтор желілеріндегі деструктивті діни парақшалармен жұмыс жасайтын, дін істері басқармасында арнайы мамандардың тобы сіздерде қарастырылған ба?

-Е.А. –Әрине! Басқармаға қарасты «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің дін экстремизмге қарсы насихат бөлімі бар. Сондағы инспекторлардың негізгі жұмыстарының бірі сіздің қойған сауалыңызға жауап. Ғаламтор кеңістігінде діни экстремистік және террористік мазмұндағы ақпараттардың таралуының алдын алу бойынша тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа басқарма мен ҚМДБ өкілдерінен құралған 40 жоғары білімді дінтанушы, теолог мамандарынан тұратын арнайы ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, аталған жұмысқа тартылды. Ғаламтордағы 1231 күдікті сілтеме анықталып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дінтану сараптамасына жолданылып, 107 сілтеме бұғатталды. Сондай-ақ, интернет ресурстарда дінтанушы, теолог мамандармен және мешіт имамдарымен 1867 қарсы насихаттық ақпараттар жарияланды.

Жыл басынан, басқарма мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлерінің, қоғамдық және діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен тұрғындар арасында, соның ішінде жастардың арасында діни  экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі емес діни ағымдарың белгілері мен зияны, тыйым салынған діни ұйымдар туралы қысқа метражды (1 минуттық) 12 бейнероликтер әзірленіп, инстаграм, фэйсбук, вконтакте әлеуметтік желілерінде және ютуб каналында орналастырылды.

-Облыстарыңыздағы АТТ жұмыстары өз жемісін береді деп үміттенеміз. Жұмыстарыңызға сәттілік тіледік. Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

-Е.А. –Сізге де рақмет!

Жамбыл облысы әкімдігінің

«Дін проблемаларын зерттеу орталығы»

КММ-сі діни экстремизмге қарсы насихат бөлімі

Тегтер: дін саласыЕркебұлан Ақбай
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05
Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49
Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

07.08.2026, 17:22
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43

90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды

07.08.2026, 18:11

Жамбылдық жас айтыскерлер мен жыршылар Алина Айдаралымен жүздесті

07.08.2026, 17:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.