• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 03:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТ БОЛҒАН МӘРТЕБЕ МЕ? ӘЛДЕ АУЫР ЖҮК ПЕ?

turan_admin turan_admin
21.10.2019, 14:43
Азаматтық қоғам институттары, Басшылар рейтингісі, Облыс жаңалықтары, Сараптама
ДЕПУТАТ БОЛҒАН МӘРТЕБЕ МЕ? ӘЛДЕ АУЫР ЖҮК ПЕ?
1.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Халық қалаулысы атанып, ел мен билік арасында алтын көпір атану – үлкен жауапкершілік жүктейтіні ақиқат. Оның ішінде әрине жергілікті мәслихат депутаттарының да маңызы жоғары. Расында, бүгінде жергілікті мәслихаттарға өзін өзі ұсыну мен партия мүшесі ретінде ұсынылу сайлаушыларды таңдау арқылы жүргізілген болатын. Дегенмен «Сайлау туралы» Заңға өзгеріс енгізіліп, жергілікті мәслихаттарға партиялық тізім бойынша өтетіндігі баршаға аян. Жасыратыны жоқ, әлеуметтік желілердегі парақшаларда «Осы біздің депутаттар не істеп жүр?» деген сауалдар жиі қойылады. Осы орайда, сан сұрақтың жауабын алу мақсатында Жамбыл облыстық мәслихат аппаратына, сессияларына қатысуы мен қатыспауы, сұрау сауал жіберуі туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың депутаттарының сессияға қатысу туралы мәліметке сәйкес, 2016-2017 жылдары 18 сессия өтсе, оның бірде бір рет қалмаған мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, марқұм Нұрлан Ортаев, Жайдар Айтишев, Мұратқали Сәрсенов екен. Ал облыстық мәндегі түрлы маңызды мәселелер қаузалатын сессиялардың тек елу пайызына қатысқан Ғалымжан Сағынтаев. Яғни, бұл депутат ең көп қалған халық қалаулысы ретінде танылып отыр.
Жалпы, өткен жылы өткізілген он екі сессия отырысынан мүлдем қалмағандар қатарында Абай Нұржанов, Юрий Минаков, Бағлан Қарашолақов, Никон Ким бар. Ғалымжан Сағынтаев пен Халит Базаралиев секілді депутаттар жеті отырысқа қатыспаса, Дәрия Қожамжарова осындай алқалы жиындардың тең жартысына бармаған.
Негізінен жыл басынан осы уақытқа дейін сегіз сессия отырысы өткізілген болса, Алтай Райкулов, Бақытжан Сейткаримов, Масат Берік, Махамбет Дүйсембаев, Бағлан Қарашолақов, Әлімбек Джумабаев, Никон Ким, Тұрсынбай Халық биылдыққа бір жиналыстан қалыс қалмапты. Есесіне депутат Дәулетбай Есимбеков биылдыққа әріптестерімен алты рет жиналыста болмаған.

Қорыта айтқанда, алтыншы шақырылған облыстық мәслихатының 38 сессиясы өткізілсе, бірде біреуінде депутаттар толық қатыспапты. Яғни, әр отырыста ең аз дегені екі депутат, ең көп дегенде 11 депутат әріптестерінің қатарынан табылмаған. Анығында, Ғалымжан Таймасұлы (он жеті рет), Халит Базарбайұлы (он алты рет) қатыспай анти-үздік  атанып отыр. Ал, әр сессияға мұқият қарап, мүлде қалмаған ол әрине мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов.

Шындығында, сауал жолдап сайлаушыларының мұң мұқтажын билікке жеткізіп, оның орындалуын талап ету әр депутаттың басты міндеті. Бұл үдені халық қалаулылары қалай көтеріп жүр деген сауалға жауап алдық. Дейтұрғанмен жылына бір екі рет сауал жолдап қоятын депутаттардың бар екеніне көзіміз жетті. Отыз сегіз сессия отырысынан бес қана сауал жолдағандардың қатарын Юрий Минаков, Бақытжан Сейіткәрімов, Жайдар Айтишев, Бахтияр Алдашов бастап тұр.

Ал ең көп сауал жолдаған  Мұратқали Сәрсенов, оның саны — 121. Екінші орында мәслихат хатшысы Бағлан Жиенәліұлы. Ол 82 рет сауалына жауап іздеген. Үздік үштікті 56 сауал жолдаған Гүлдара Нұрымова қорытындылап отыр.

Бұл ақпараттарды сауал арқылы алған болатынбыз. Себепсіз сессияға қатыспағандар депутаттық мандаттарынан айырылатындығын ескере кеткен жөн. Дегенмен түрлі себептермен қалғандардың қарасы көп. Рас, өмірде түрлі жағдайлар болады. Мүмкін халық қалаулылары сессия жұмыстарына селқос қарамаған да шығар. Дегенмен олар халықтың адамдары екендерін бір сәтте естерінен шығармағандары абзал. Өз кезегінде, біз олардың отырыстарға қатысу-қатыспау жөніндегі ақпараттарды саралап бердік. Қолымыздан келгенше, ашық ақпарат ұсынып отырмыз. Анығында, үздіктерді халық өзі анықтап алады. Яки, олардың жұмысы көрсетеді.

 

TURANINFO.KZ

Тегтер: АлдашовдепутатЖамбыл облысыҚарашолақовҚожамжароваСәрсеновТараз қаласы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.