Отарбай Лаура Отарбайқызы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетіне түсіп, 2001 жылы аталған университетте интернатураны бітірген.
2001 – 2004 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының №2 қалалық емханасында дәрігер-терапевт болып жұмыс жасаған.
2004-2006 жылдары Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының №1 қалалық ауруханасында терапевт-дәрігер, статист-дәрігер болған.
2007-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының Сарысу аудандық емханасында учаскелік дәрігер және аурухананың ішкі аурулар бөлімінің меңгерушісі қызметін, 2014 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы.






