Ағымдағы жылдың 3 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 82 жағдайы тіркелді, оның 16-сы симптомдық және 66-ы симптомсыз.
Симптомды тасымалдаушылар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Атап айтсақ, Тараз қаласында 24 пен 53 жас аралығындағы тұрғындар арасында 8 жағдай анықталған, олардың 2-уі бұған дейін байланыста болғандар.
Қордай ауданында 32 жас пен 64 жас аралығында тұрғындардың арасында бес оқиға тіркелді. Олардың ішінде 2 зейнеткер мен медбике эпидемиологиялық көрсеткіштерге тексерілді. Қалған пациенттердің өзі клиникаға жедел респираторлы вирустық инфекциялар белгілерімен барған.
Байзақ ауданында екі жағдай және Меркі ауданында бір жағдай анықталды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Таразда 31 симптомсыз тасымалдаушы тіркелді, олардың бірі байланыста болған тұлға болып табылады. Көптеген симптомсыз тасымалдаушылардың қызуы жоғарылаған. Олар өздерін әлсіз және жайсыз сезінген. Коронавирус анықталған кезде олардың ешқандай шағымдары болмаған. Сондай-ақ, Талас ауданында 1 жағдай, Байзақ, Меркі және Шу аудандарында 4, Қордайда 14, Жамбылда 6, Сарысу мен Т.Рысқұлов ауданында бір жағдайдан расталды.
Олардың барлығы үй карантиніне алынған.
Жалпы, ағымдағы жылдың 3 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 1615 жағдайы тіркелген. Барлық дертке шалдыққандардың 543-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.






