Ағымдағы жылдың 16 қарашасындағы мәліметтерге сәйкес Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 6 жағдайы тіркелген.
Атап айтсақ, Тараз қаласында 1977, 1942 жылы туған тұрғындар арасында екі жағдай анықталды. Олардың біреуі байланыста болған тұлға ретінде, екіншісі өз еркімен тексерістен өткен. Сондай-ақ, коронавирус 1949 жылы туған Шу ауданының, 1942 жылы туған Мойынқұм ауданының тұрғынындарынан да анықталған. Олар жоғары температураға, тамақ ауруына, әлсіздікке қатысты шағымданған.
Байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланып, ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Ал, 1976 жылы туған Байзақ ауданының және 1978 жылы туған Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарында бұл ауру симптомсыз жүруде. Олар үй карантинінде.
Жалпы, ағымдағы жылдың 16 қарашасындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4264 дерегі тіркелген, ауруханалардан 4127 науқас емделіп шыққан.






