Ағымдағы жылдың 26 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді, оның біреуі — симптомсыз.
Атап айтсақ, 44 жастағы Тараз тұрғын дәрігерлерге жоғары температура, ентігу, әлсіздікке қатысты шағымдармен жүгінген. Одан коронавирусқа алынған талдау қорытындысы оң нәтижесе көрсеткеннен соң науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Онымен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық оңдеу шаралары жүргізілді.
Сондай-ақ, Қордай ауданындағы 11 жасар оқушы қыз ауруханаға жатар алдында инфекцияға тексеруден өтіп, КВИ расталған. Симптомсыз тасымалдаушы үй карантиніне алынды.
Жалпы, ағымдағы жылдың 26 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4068 жағдайы тіркелді. Оның 3561-і емделіп, ауруханалардан шығарылды.