Облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің қатысуымен «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқауға 20 қызметкер қатысты.
Байқау төрт кезеңнен («Таныстыру», «Дода», «Мекеменің даму формуласы», «Көкпар») сынға түсті. Жарыс барысында мамандардың заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелерді білу деңгейіне басымдық берілді.
Қазылар құрамында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, басқарма басшысының орынбасары Лаура Отарбай, Maгистр MBA, doktor Phd, «Actual Med» ЖШС-нің директоры, денсаулық сақтау саласының эксперті, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушысы Айнагүл Байбекова, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Фарида Жүнісова, денсаулық сақтау саласының ардагерлері (үздігі) Ораз Досқұлов, Төленбек Саурбаев, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Утеулиев болды.
“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен өткен байқаудың “Үздік ұйымдастырушы” номинациясын, яғни бас жүлдені Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының бас дәрігері Бугибаев Толеген Такежанұлы ( 500 000 қаржылай сыйлық),
1-орынды Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің медициналық бөлімі бойынша орынбасары Байбеков Айдын Оскарұлы ( 400 000 қаржылай сыйлық),
2-орынды Меркі аудандық орталық ауруханасының жылжымалы медициналық кешен меңгерушісі Төреқұл Қаламқас Батыралықызы (350 000 қаржылай сыйлық),
3-орынды Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазанғапова Гүлнұр Қалдыбекқызы (300 000 қаржылай сыйлық) алды.
“Үздік көшбасшы” номинациясын Исаков Алмас Еркімбекұлы, “Мерейлі дәрігер” номинациясын Абдреимова Гүлмира Икрамханқызы, “Үздік инноватор” номинациясын Дүйсенбиева Елизавета Алтынбекқызы, “Креативті ұйымдастырушы” номинациясын Бегелтаева Айдана Жомартқызы, “Үздік үйлестіруші” номинациясын Кулымбетова Асел Мырзалықызы, “Үздік сарапшы” номинациясын Отыншиев Мұратқали Абзелбекұлы, “Үздік ментор” номинациясын Абитаев Бекзат Асылбекұлы, “Үздік спикер” номинациясын Жүнісбеков Бағлан Қыдырәліұлы, “Білгір дәрігер” — Ақмарал Бодаубекова, “Үздік стратег” номинациясын Апаев Эльдар иеленді.
Қалған қатысушыларға “Алғыс хаттар” мен 100 000 қаржылай сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, бүгінде облыстық денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базаcын нығайтуға барынша көңіл бөлінуде. Мәселен, өткен жылы 19 медициналық нысан пайдалануға беріліп, 11 нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. Биыл 24 медициналық нысанның құрылысы басталып, жыл соңына дейін 22 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Өңірде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 20 нысан салу жоспарлануда.